Шпаргалка по "Экологии"

Автор: Пользователь скрыл имя, 25 Февраля 2012 в 21:37, шпаргалка

Краткое описание

Работа содержит ответы на вопросы по дисциплине "Экология".

Файлы: 1 файл

Экология и.doc

— 300.50 Кб (Скачать)

84) Халықаралық ұйымдардың құжаттары, қоршаған ортаны  қорғауда халықаралық ұйымдардың ролі.

Халықаралық ынтымақтастықтың үкіметтік және үкіметтік емес көптеген бағдарламаларын ЮНЕСКО атқарады. 1972ж. ЮНЕСКО Стокгольмде қоршаған ортаны қорғау мәселелері бойынша алғашқы ірі халықаралық конференция үйымдастырды. Нәтижесінде БҰҰның қоршаған орта жөніндегі үкімет аралық бағдарламасы ЮНЕП құрылды. Стокгольм конференциясынан кейін қазіргі уақытқа дейін қоршаған ортаны қорғау жөнінде жалпы 170-тен астам әртүрлі шарттар мен келісімдерге қол қойылды. Олардың ішіндегі ең маңыздысы Вашингтон конвенциясы «құрып кету қаупі төнген жабайы флора мен фауна түрлерінің халыаралық саудасы туралы конвенция».(1973)1980ж. 5 наурызда қабылданған «Табиғат қорғаудың бүкіл дүниежүзілік стратегиясы» жасалынуына, жүзеге асырылуына жетекшілік жасаушылар халықаралық табиғатты және табиғи қорларды қорғау одағы (КТҚО) және ЮНЕСКОның қамқорлығымен жұмыс істейтін басқа да халықаралық үкіметтік емес ұйымдар. 1982ж. БҰҰ биосферанын жағдайы үшін БҰҰ құрамына кіретін барлық мемлекеттерге жауапкершілік жүктейтін халықаралық табиғат қорғау құжаты – «Бүкілдүниежүзілік табиғат хартиясын» қабылдады. 1992ж. маусымда Рио Де Жанейрода өткен конференцияда Дүниежүзілік қауымдастықтың тұрақты даму жолына түсу қажеттілігі туралы ереже тұжырымдалып, адамзаттың тұрақты даму қоғамына жеткізетін жолмен дамудың стратегиясы мен тактикасы туралы құжат – «Жер хартиясына» қол қоюы жарияланғанымен, хартияның мәні қабылданбады. Хартия «Ниеттер туралы хаттамамен» - Қоршаған ортамен даму жөніндегі декларациямен алмастырылды.

85.Популяцияның статикалық көрсеткіштері: популяция саны (тығыздығы) және биомассасы, жастық және жыныстық құрамы. Популяцияның жыныстық құрылымы особьтардың жыныстары бойынша ара қатынасы. Популяциядағы жыныстардың ара қатынасы генетикалық заңдар бойынша аңықталады және оларға орта әсер етеді. Популяцияның жастық құрылымы особьтардың барлық жас топтарын,оның ішінде организмнің барлық  даму стадиялары мен фазаларын қамтиды. Жалпы өмірінің ұзақтығына қатысты әрбір жастың ұзақтығы әр түрде әрқалай болады. Популяция тығыздығы белгілі бір жерде немесе көлемде особьтар орташа саны. Популяцияның  биомассасы. Поп. санымен оның биомасса  тікелей байланысты. Популяциялардың биоммасасы оның маңызды сипаттамасы. Адам өзіне пайдалы өсімдіктер мен жан-ң биомассасын пай-ды.

86. Климаттың өзгеруі мен шөлдену проблемасы. 1992 жылы қабылданған Климаттың өзгеруі туралы БҰҰ Халықаралық Рамалық конвенциясы дүние жүзі мемлекеттерінің алдына климаттың жылынуы мен оның зиянды зардаптарын болдырмау мәселер қойылды. Климаттың қзгеруі туралы конвенция адамзат назарын төтенше бұзылуларға аударып отыр. Олар ең алдымен планетаның атмосферасымен өзара әрекеттесетін және атмосферадан тарайтын күн энергиясының жолын өзгертеді. Осының нәтижесінде ғаламдық климаттың өзгеру қаупі туып отыр. Бұдан туындайтын негізгі салдар- жер бетінің орташа температурасының көтерілуі және ауа райының кең ауқымды аймақтарға өзгеруі, т.б. эффектілер болуы мүмкін.

Климаттың өзгеруімен айналысатын ғалымдардың мәліметтері бойынша 1850 жылмен салыстырғанда, қазіргі кездегі ғаламдық темпиратура 0,5 градус С-ға көтерілген.  Қазақстанның географиялық  орналасуына оның климатының қатаң континенталды және құрғақ болуының басты себебінің болып табылады. Республика территориясының 50%дан астам бөлігін шөл және шөлейт ландшафт зоналары алып жатыр. Сондықтан, сумен қамтамасыз ету мәселесі республикамыздың экономикасының өзекті мәселелерінің бірі болып табылады.   Қазақстан климатын бақылау оның жылдан жылға құрғақтануын анықтады. Жалпы территорияның барлық эерлерінде жер бетіндегі ауа қабатының орташа айлық температурасының өсуі байқалған. Өткен 100 жылда орташа жылдық температураның өсуі әрбір 10 жыл сайын 0,1 градус С-ға артып отырған. Температураның артуы тау мұздақтарының кемуіне әкеледі. Іле Алатауында соңғы 35%-ға немесе әр жылға шаққанда 1%-ға кеміген.

87. Миллиондаған уылдырық шашатын бекіре тұқымдас балықтардың тірі қалу қисық сызығы. Организмдер өмір сүріп, экологиялық заңдылық бойынша қарым-қатынаста болып, селбесіп, бәсекелесіп, жыртқыштық, жолмен т.б. заңдылықтар бойынша тіршілік әрекет жасайды. Организмдер біржылдық, көпжылдық және орта шенді өмір сүреді. Өте аз ойық сызық, орташа тік сызықпен, көп өмір сүретін организмдер дөңес сызықпен сызамыз.  Ал енді сызықты көрсетейік.Балықтар, тасбақалар туысымен яғни уылдырық шашқаннан бастап, тасбақалар жұмыртқа басқаннан бастап, одан шыққан гибридтері өмір сүру үшін қарқыны жоғары болады. Олардың аз өмір сүру себебі олар өте кішкентай болуы, әлсіз болуы басқа жыртқыштардың оларды жеуіне әкеледі. Жыртқыш құстар, аңдар, басқа типті балықтар уылдырықты бір жұтқаннан жем қылады. Осылардың нәтижесінде организмдердің өте аз өмір сүруіне алып келеді.  Ал неге өте аз өмір сүрсе табиғатта ондай организмдер құрып кетпейді? Себебі олар миллиондаған ұрпақты дүниеге алып келеді. Мысалы, балықтар уылдырық шашатын мерзімде олар кемінде көлеміне байланысты  миллиондаған уылдырықты шашады. Олардан кемінде 10000 аса гибрид қалады.

88. Популяцияның кеңістікте орналасуы кездейсоқ, біртекті, топтасу. Популяцияның кеңістіктегі құрылымы- популяция особьтарының кеңістікте орналасу ерекшеліктері. Ол тіршілік ортасының және түрдің биологиялық ерекшелігіне  байланысты. Жылдың маусымы, популяцияның сандық мөлшері уақыт бойынша өзгеруі мүмкін. Сондықтан  популяция особьтары кеңістікте бірқалыпты, кездейсоқ және топтасып орналасады. Табиғатта особьтардың бірқалыпты орналасуы сирек кездеседі. Кездейсоқ (диффузиялық) орналасу  көптеген өсімдіктерде, жануарларда кездеседі. Топтанып (мозайкалық) особьтар топ топ болып кездеседі, мысалы, сүтқоректілер табыны, құстар колониясы. Топтанып орналасу популяция үшін қолайсыз жағдайларда үлкен тұрақтылық береді.  Жануарлардың ортаның қолайсыз жағдайларына немесе олардың даму йиклдарына байланысты жылжып қозғалуын миграция деп атайды. Ол жүйелі(тәуліктік немесе маусымдық) және жүйесіз(қуаңшылық, су тасқыны, өрт) болуы мүмкін.

 

89. Халықаралық экологиялық қарым-қатынас. Халықаралық экологиялық қарым-қатынастың орнау себебі әлемнің, әлем халықтарының, қоғамның белгілі бір шеттен шығу нәтижесінде орнайды. Яғни экологиялық проблемалар шамадан тыс өршуі нәтижесінде. Негізінен қазіргі кездегі экологиялық қарым-қатынастар ғаламдық экологиялық проблемаларды шешу үшін құрылып отыр. Ғаламдық экологиялық проблемалар: Озон қабатының жұқаруы, ауа райының өте тым жоғарлауы, антропогендік іс-әрекет арқылы оттегі фабрикаларының азаюы.   Халықаралық экологиялық қарым –қатынастар объектілері: БҰҰ, ЮНЕСКО, ТМД арасында осы экологиялық проблемалардың кілтін табу жолында көп референдумдар өтті.  Мысалы, Қазақстанның Арал проблемасын шешу мақсатымен БҰҰ-нан арнайы мамандармен жұмыс жүргізілді. Мамандардың болжамы бойынша Арал теңізін құтқару өте қиын. Себебі, Арал теңізінің қасиеті яғни 50 жылда тартылатыны анықталды.  Экологиялық қарым-қатынастардың ішінде ең маңыздысы: Тұрақты даму  концепциясын қарастыруға болады.

Оның ең басты үш бірлестігі бар.1.Экологиялық2.Экономикалық

3.ӘлеуміттікБұл концепцияда әлемнің күллі экологиялық  проблемаларының шешу жолдары көрсетілген. ЮНЕСКО-ның “Африка жол” атты программасында Африкада СПИДтік, аштықтың өрши түсу нәтижесіндегі ауруларды, экологиялық қиыншылықты шешу жолдары көрсетілген. Экологиялық қарым-қатынастын болашақ ұрпақ үшін, нарықтық заманда маңызы өте зор.

90.Бес трофикалық деңгейден тұратын далалық экожүйеде қасқырдың еншісіне күн энергиясының қанша пайызы тиеді? Бұл сұрақты ең алдымен далалық экожүйедегі организмдердің өмір сүру қызметін қарау керек. Далалық экожүйедегі организмдердің

еншісіне күн сәулесінің әсері қаншалықты екенін мына кестеден көруге болады. Организм өзіне энергияны екенші бір организм арқылы алатынын белгілі. Энергияның организмнен организмге өтуін энергияның қту механизмі деп аталады.   Төмендегі далалық экожүйедегі организмдерге энергияның қалай және қанша пайыз екенін түсіндірейік.  Далалық экожүйедегі организмдердің бірінші сатысы шөптесін организмдер деп қарасақ  олармен қоректенетін экожүйедегі екінші топ қоян, үшінші сатысы қаскыр. Олар энергияны бір-бірімен қоректену арқылы алады. Ең алғашқы сатыда энергия толығымен 100%, екінші  сатысына 100%-тен 10%-ті өтеді, үшінші сатыдағы қасқырға 0,1% өтеді. Осыған қарап мына бір қорытындыны шығарамыз: Энергия көзі күн сәулесінен құралып, организмнен организмге өтеді, өту барасында энергия бірте- бірте  азаяды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1

 



Информация о работе Шпаргалка по "Экологии"