Шпаргалка по "Экологии"

Автор: Пользователь скрыл имя, 25 Февраля 2012 в 21:37, шпаргалка

Краткое описание

Работа содержит ответы на вопросы по дисциплине "Экология".

Файлы: 1 файл

Экология и.doc

— 300.50 Кб (Скачать)

43. Биосфераның тірі заты және оның функциялары.Тірі зат химиялық құрамы, энергия және салмағы арқылы біріккен бүкіл тірі организімдердің жиынтығы. Бұл биосфераның азғана бөлігін құрғанымен бүкіл биосфера салмағының 0,01%-інің негізін құрайды. В.И.вернадский бойынша, тірі заттар – бұл қуатты геологиялық фактор болып табылатын тіршілік ететін немесе бұрын тіршілік еткен тірі организімдердің жиынтығы.Биосфераның тірі заттары химиялық және геологиялық тұғыдан өте белсенді болып саналады. Планетамызда тірі заттардың 5 негізгі компоненттерін ажыратады:

1. Энергетикалық – биосфералық-планетарлық құбылыстардың космастық сәуле шығаруымен, күн радиясымен байланысын жүргізу;

2. Газды – газдардың миграциясын және олардың айналымын, атмосфералық газдық құрамын қамтамасыз ету;

3. Тотығу-тотықсыздану – тірі заттың әсерінен тотығу (ортаның оттегіме байытылуы) және тотықсыздану – оттегінің тапшы кезінде органикалық заттардың ыдырауы, күкіртті сутектің түзілуі, жинақталуы процесі;4. Жинақтау – организімдердің өз денелерінде шашыранды химиялық элементтерді жинақтау қабілеті, олардың мөлшерін қоршаған ортамен салыстырғанда бірнеше есеге көбейту;

5. Деструкциялдық - өлген органикалық заттардың ыдырауы, яғни тірі заттың өлі затқа айналуы. Нәтижесінде биосфераның биогенді және биологиялық өлі заттары түзіледі.

44.Биосфера тұрақтылығының механизмі..........Белгілі бір уақыт ішінде қауымдастықтар құрылып және өзгеріп отырады. Олардың түрлік құрамы, әртүрлі топтағы организімдердің молдығы, трофикалық құрлымы, өнімділігі және басқа да көрсеткіштері өзгеріп отырады. Бір биоценоздың екінші биоценозбен жүйелі түрде ауысуын экологиялық сукцессия деп айтады. Латынша succession – ауысу. Жалпы биоценоздардың бірін-бірі ауыстыру тізбегін сукцессиялық қатар немесе серия дейді. Сукцессияға мысал ретінде кішігірім көлдің батпаққа, одан орманға айналуын келтіруге болады.Экологиялық сукцессия биоталық қауымдастықпен және физикалық орта арасында тепе теңдік орнайтын экожүйенің реттелген дамуы, оны болжауға болады. Экологиялық сукцессия бірнеше кезеңнен өтеді, солардың барысында биотикалық қауымдастықтар бірінен соң бірі алмасып жатады.Сукцессия кезінде түрлердің алмасуының себебі, популяциялар қоршаған ортаны өзгертуге ұмтыла отырып, өзге популяциялар үшін қолайлы жағдайлар жасайды. Экологиялық сукцессия барысында организімдердің түрлік популяциялары және олардың арасындағы функциялық байланыстардың түрлері бірін-бірі белгілі заңдылыққа сәйкес кезеңді түрде және қайталанып алмастырп отырады.Сукцессия – өсу, тұрақтану, климакс сатыларынан тұрады. Экологиялық сукцессияның автотрофты, ландшафты, алапаты, антропогенді түрлері бар.Қазіргі таңда сукцессияның экзогенетикалық және эндогенетикалық түрлерін ажыратады. Экзогенетикалық сукцессия сыртқы абиотикалық немесе антропогендік (батпақтарды құрғату, сулардың ластануы) әсерлерден болуы мүмкін. Эндогенетикалық сукцессия қауымдастықтағы байланыстар жүйесінің немесе құрлымының өзгеруі нәтижесінде болуы мүмкін. Жалпы сипаты бойынша сукцессия бірінші реттік (алғашқы) және екінші реттік (соңғы) болып бөлінеді.Бірінші реттік сукцессия тіршілік иелері жоқ жерде: лава үстінде, сусымалы құмдарда, жартастарда, тасты жерлерде басталады. Бұл жерде алғашқы қоныстанушылардың (бактериялар, қыналар, балдырлар) рөлі зор. Олар тіршілік ету барысында аналық жынсты бұзып өзгертеді, топырақтың түзілуіне себеп болады. Өлген, шіріген организімдер біртіндеп жиналуы және үгілуі әсерінен тау жыныстарының үгілу нәтижесіндемүктер өсетін топырақтың түзілуіне алып келеді. Мүктердің өсіп дамуы кезінде де тіршілік ете беретін қарапайым қауымдастықтар түзіледі. Сөйтіп, организімдердің алуан түрлілігі арта береді.  Екінші реттік сукцессия бұрын жақсы дамып жетілген биоценоз орнында жүреді. Мысалы, өртенген орман, құрғатылған батпақ немесе бұзылған қауымдастықтар орнында. Әдетте мұндай жерлерде тіршілік ресурстарының бай қоры сақталады. Мысалы, өртенген жерде жарық сүйгіш өсімдіктер, олардың көлеңкесінде факультативті гелиофиттер, сциофиттер өсе бастайды. Екінші реттік сукцессия топырақ түріне байланысты тез немесе баяу жүруі мүмкін. Бұл процесс климаксты қауымдастықтың пайда болуымен аяқталады. Екінші реттік сукцессиякезіндегі өзгерістер жылдамдығы алғашқы сукцессиямен салыстырғанда тез жүреді.

Сукцессия  - барлық қауымдастықтарға тән, белгілі бір стадияларда жүретін, жалпы өзгерістерді қамтитын бағытталған және заңды процесс.

Сукцессиялық өзгерістердің негізгі типтері мынадай:

-         сукцессияпрецесі кезінде өсімдіктер мен жануарлар түрлері үнемі өзгеріп отырады;

-         сукцессиялық өзгерістер нәтижесінде организімдердің түрлік алуантүрлілігі артады;

-         органикалық заттардың биомассасы артады.

Экологиялық гоместаз.Экологиялық жүйенің өзін-өзі сақтау және реттеу, реттей алу қаситеті “Гоместаз” деп аталады. Гоместаздың негізгі популяция тығыздығының қоректік ресурстарға тәуелділігі масалы арқылы көрсетуге болатын кері байланыс принципі болып табылады.  Ол бірнеше басқыштардан тұрады: әрбір басқыш аймағында кері қайтымды байланыс әсер етеді. Қоректік ресурстар мөлшерінің көбейюі немесе азаю әсерінен гоместаз бір басқыштан екінші басқышқа ауысып отырады.Гоместаз тек қана организімдер мен олардың өнімдеріне емес,, өлі табиғатқа да тән. Өйткені, организімдердің тіршілік әрекеті абиотикалық факторларға тікелей байланысты. Екінші жағынан, организімдер де абиотикалық ортаға түрліше әсер етеді.“Гоместаз” – экожүйенің сүйемелдеуге және өздігімен реттелуге қабілеттілігі. Гоместаздың негізінде “кері байланыс принципі” жатыр, оны популяция тығыздығының азықтық ресурстарға тәуелділігі мысалында көрнекі түрде түсіндіруге болады. Егер “өнім” – “датчикке” ықпал ететін болса, кері байланыс пайда болады. Экологиялық гоместаз белгілі бір аралықтарда ғана сақталына алады. Экожүйе теріс кері байланыс ықпалының шеңберінің шығып кеткен жағдайда оң кері байланыс күшіне айналысады, енеді. Теріс кері байланыстың ықпал ету аймағын гоместаздық  үстірт (плато) түрінде кескіндеуге әбден болады.       Гоместаз шеңберіне организімдер мен олардың өнімдері ғана емес сондай-ақ органикалық емес табиғат та ілігеді.

45. Биотикалық және Абиотикалық факторлар.                                                                                                                      

              1. Биотикалық факторлар.Жеке организімдер арасындағы және папуляциялар арасындағы өзара әрекеттесудің әр алуан формаларын биотикалық факторлар деп атайды. Олар түрішілік және түраралық қарым-қатынасқа бөлінеді. Бір түрге жататын организім топтары арасындағы түрішілік өзара әрекеттесулерді гомотиптік реакциялар деп айтады. Оған организімдердің бірлесіп күнелту жағдайы жатады. Топ, үйір болып біріккен жануарлар қорғануда, жемтігін аулауда кұшті болып, жеңіске жетеді.Организімдер арасындағы бәсекелестік тіршілік үшін күресті көрсетеді.Әр түрге жататын жеке организімдермен папуляциялар арасында жүретін тұрарлық қарым-қатынас формаларын гетеротиптік реакциялар деп атайды.Биотикалық факторлар – тірі организімдердің бір-біріне және ортаға жағымды немесе жағымсыз әсер етуі.Организімдердің бір біріне әсері өсімдік пен өсімдік, жануар мен өсімдік немесе жануар мен жануарлар арасындағы қарым-қатынас жағдайында жүреді. Олардың бір-бірімен арасындағы қатынас түрлері бірнешеге бөлінеді. Қорек, територия, қоршаған ортадағы жарық, жылу, су, т.б. факторларды қажет етуіне қарай бәсекелестік, жыртқыштық, симбиоздық, паразиттік, коменсалдық қарым-қатынастар, байланыс түрінде жүреді.2.Абиотикалық факторлар.Қоршаған ортадағы тірі емес факторлардың организімге әсерін абиотикалық факторлар деп атаимыз. Оған сыртқы ортаның физикалық, химиялық қасиеттері жатады. Мысалы, ауа райы, жылу, ылғалдық, қысым, жел күші, тұздылық.Абиотикалық факторлардың озгеруіне особьтардың адаптациясынның негізгі екі жолы белгілі: ол – мінез-құлықтың реакциялар және организімніңфизикалық қайта реттелуі. Абиотикалық факторлар популяциялық деңгейде, түрлік деңгейде, экологиялық жүйелер деңгейінде әсер етеді. Соның ішінде популяциялық деңгейде олардың нақты экологиялық жағдайларға бейімделуіне қарай стацияларға бөлінеді. Мысалы, солтүстікке қарай құрғақтау, өсімдік жамылғысын сиректеу, ал оңтүстікке қарай өсімдіктер жамылғысықалың болып бөлінеді. Ылғалдылыққа байланысты оларды ксерофитті, мезофитті, гигрофитті деп бөлінеді. Теңіз деңгейінен жоғарылаған сайын популяциялар ксерофитті стацияларға ауысады. Абиотикалық факторлар жануарлар мен өсімдіктер популяциясының тығыздығына елеулі ықпал етеді.

46.Тірі зат концепциялары. Тірі заттың ғаламдық ролін анықтау. Биосфераның негізгі ерекшелігі онда тірі заттығң болуы. Тірі зат ол барлық тірі организмдердің жиынтығы, қатты геологиялық күш. Олар әр түрлі минералды жыныстарды, тұщы суды атмосфераны түзуге қатысады. Барлық тірі организмдер күн сәулесін пайдаланып геологиялық процестерге әсер етеді. Биосферада тірі организмдер арқасында үздіксіз заттар айналымы өтеді. Биосферада тірі зат мына функцияларды атқарады: энергетикалық деспруктивті концентрациялық ортаны қалыптастырушы. Тірі зат биосферада өтіп жататын барлық процестерге қатысады. Оның ролі тіршілік жағдайын қалыптастыруда шексіз. Вернадский тірі заттың осы планетарлық ролін, олардың тез көбею қабілетімен, сол арқылы  заттар айналымын белсенді қамтамасыз етуімен түсіндіреді. Атмосферадағы тірі заттың мөлшері 4x10 тонна, жер қабытының массасынан 12есе артық. Биосферадағы тірі заттың болуы тірі организмнің үш тобының қарым қатынасы арқылы  өтетін заттар айналымы нәтижесінде. Биотикалық айналым арқылы үздіксіз органикалық заттардың құрылуы және ыдырауы өтеді. Тірі организмдердің тіршілік әрекетінен өтіп жатқан химиялық элементтердің глобалды миграциялық циклы жердің үш геологиялық қабаттарын байланыстырады. Бұл айналымды жүргізуші күш күн энергиясы болып табылыды.  

47) Ормандық экожүйеде шөптесін өсімдіктердің еншісіне күн энергиясының қанша пайызы тиеді? Ормандық экожүйеде шөптесін өсімдіктеріне күн энергиясы климаттық экологиялық аймағына байланысты түседі. Климаты өте ыстық ормандық экожүйеде энергияның организмнен организмге өту механизмі көп мөлшерде өтеді. Ормандық экожүйедегі шөптесін өсімдіктердің еншісіне орта есеппен 90% энергия тиеслі. Оны мына кестеден көруге болады. Энергияның организмнен организмге өту барысында энергия мөлшері азая бастайды. Энергияның өту механизмі өте алуан түрлі жүреді. Энергияның организмнен организмге өту жүйесін Энергияның өту механизмі деп атайды. Күн энергиясынан 90% үлесін алған ормандық экожүйедегі шөптесін өсімдіктер екінші буындағы омыртқасыз жануарларға не бары 10% береді. Ал омыртқалы – ормандық экожүйедегі омыртқалыларға бір пайызы тиеді. Бұл энергия өту механизмінің төмендеу себебі, күн энергиясын алған организмдер зат алмасу процесіне түседі. Зат алмасу процесі нәтижесінде организмдер арасындағы энергия ағымы бәсеңдейді.

48. Су экожүйелері

Жер бетіндегі қауымдастықтармен қатар көптеген әр түрлі теңізде немесе тұщы суларда болсын су қауымдастықтары бар. Оларда жер бетіндегі қауымдастықтар сияқты орналасқан жеріне тәуелсіз. Су организімдердің де таралуы физикалық және химиялық организімдерге тәуелді. Су ортасында ең маңызды рөлді температура және сәуле атқарады. Тірі организімдердің көбейуі суда ерігіш минералды элементтердің мөлшерімен шектелуі мүмкін.Су қоймаларында, теңіздер мен мұхиттарда тәршіліетің екі екі зонасы бөлінеді. Судың беткі қабаттарында тіршілік ететін планктон – майда су ағымының көмегімен қозғалатын организімдер жиынтығы. өсімдіктер планктоны (балдырлар) майда планктонды жануарларға қорек болады, ал олармен ірі балық, кит сияқты жануарлар қоректенеді. Судың беткі қабатын құрайтын организімдер олген кезде, олардың денелері судың түбіне түсіп басқа организімдерге қорек болады. Судың түбінде фитобентос, зообентос, бактерио-бентосқа бөлінеді.Теңіздегі және мұхиттағы тіршілік басымрақ олардың балық аулайтын – апвеллинг аумағында таралған. Судың жоғары беткі және терең ағымдары жоқ, су көтерілмейтін жағдайда өлі жануарлардың денесі, өсімдіктердің қалдықтары судың түбіне түсіп жатады, сондықтан заттар айналымынан біраз уақытқа шейін шығып қалады.

49. Биосфера және ноосфера туралы түсінік.   

Биосфера туралы ілім. Тірі организімдер қоршаған ортамен тығыз қарым-қатынас екені ертеден белгілі болды. Биосфера туралы түсінік голланд ғалымдары Б.Варениус және Х.Гойгенс, француз табиғаттанушысы Ж.Бюффон еңбектерінде кездеседі. Француз табиғаттанушысы Ж.Кювье тірі организімдер тек қана сырттқы ортамен заттар алмасу арқылы тіршілік етеді деп есептеген. Биосфера туралы ілімнің басшысы Ж.Б.Ламарк (1744-1829) есімімен байланыстырады. Бірақ биосфера деген терминді 1875 жылы Альпі геологиясы туралы еңбегінде алғашқы ұсынған австрия ғалымы Э.Зюсс. Бірақ ол бтосфера түсінігінің мазмұнын айтпаған. Биосфера туралы ілімнің ғылыми негізін қалаушысы В.И.Вернадский болды.

1916-1926 жж. Биосфераның тірі заты туралы ілімді қалыптастырды. 1926 жылы “биосфера” деген кітабы шықты, онда В.И.Вернадский биосфера туралы негізгі қағидаларын айтты. 

50. Жер бетіндегі халық санының өсуінің схемасы, экологиялық салдары. Жерді мекендеген халық саны соңғы 200жыл ішінде жнднл қарқынмен өсуде.Қазіргі кездегі жердегі халық саны күніне  250 000 көбейсе, аптасына 1млн 750 000, айына 7,5млн, жылына 90млн адамға көбеюде.Жер шарындағы халықтың тез өсуін “демографиялық жарылыс” д.а. Б.Ұ.Ұ. мәліметтері бойынша негізгі халықтың өсуі дамушы елдер үлесіне тиеді. Бұл елдердегі халықтың санының өсуі экологиялық және әлеуметтік проблемаларды шиеленістіреді.  Жер бетінде адам санының көбеюі әр адам қажетті ресурстардан өз үлесін ала алмаған жаңдайда тоқтатылуы қажет. Соның бірі-тамақ, мысалы Үнді елінде толық тамақтанбағандықтан  жыл сайын 1млн бала өледі екен. Халықтың өсуі біршама процестерге әкеліп соғады: тұтынудың көбеюі, қала халқының өсуі(урбанизация), қоршаған ортаның ластануы, өмір сүрудің өзгеруі, өмір деңгейінің төмендеуі.

51. Климат- Жер экожүйесінің түзілуіндегі негізгі фактор. Планетамызда миллиондаған тірі организмдер түрлері мекендейді. Түрлердің биогеографиялық облыстарының сандық және сапалық құрамы бірдей емес. Ол аумақтың геологиялық тарихы мен климаттық жағдайларына байланысты. Жануарлар мен өсімдіктер арасындағы айырмашылықты түсіндіретін екінші фактор- климаттық жағдайлар. Климат физико-химиялық факторлардың кешені, соның ішінде күн, жел, су, ылғал, топырақ бір-бірімен күрделі қарым қатынаста. Организмнің көптеген түріне қарамастан, жнр бетінде бірнеше ғана, құрлықтың үлкен аумақтарын алып жатқан биом деп аталатын ірі қауымдастықтар белгілі. Әрбір биом ондағы доминантты өсімдіктер түрлерімен ажыратылады. Мысалы, тропикалық ормандар, шөлдер, далалар, тундра қай жерде болмасын жалпы бірдей көрінеді. Климат өсімдік типін анықтайды, ал өсімдік қауымдастықтың келбетін.52. Қышқылдық жаңбырлар, олардың биотопқа әсері. Антропогендік факторлардың әсерінен ауаға көптеген зиянды агенттер мен заттектер енеді. Соның ішінде кең тараған ластағыштар күкіртті газ, азот оксидтері, көміртек оксидтері күн сәулесінің әсерінен жаңа қосылыстар күкірт, азот қышқылдарын түзеді, олар жауын шашынмен жер бетіне түседі, қышқыл жаңбыр болып. Өсімдіктер мен гидробиондар өлімінің басты себебі: осы қышқылдық жаңбыр. Бұл проблема алғаш рет Батыс Еуропада және Солтүстік Америкада 50-ші жылдардың соңында пайда болды. Соңғы жылдары бұл ғаламдық проблемаға айналды. Себебі күкірт, азот  оксидтерінің, аммиак және басқа да ұшатын органикалық қосылыстар шығындары көбейеді. Қышқыл жаңбырдың зиянды әсерін сезінген алғаш Экологиялық қатер-балық қорларын жоғалту: Скандинавия және Британия аралдарының көлдері балықсыз қалды. 1979жылы Нью-Йорк штатында 264 көл зерттеліп, ондағы балықтардың өліп қалғаны анықталды. Қышқыл жаңбыр топырақ, өсімдіктер жамылғыларына зиянды әсерін тигізеді.53. Масса пирамидасы, схемасы. Биомасса пирамидасы- әр түрлі трофтық деңгейдегі тірі заттың жалпы құрғақ массасын сипаттайды(органикалық заттардың құрғақ массасы 1г/м квадрат). Жер беті экожүйелерінде бірінші деңгейдегі консументтерге қарағанда продуценттердің салмағы көп., ал екінші деңгейдегі консументтердің салмағы артық . Су экожүйелерінде пирамида төңкерілген түрде болады. Себебі, трофикалық деңгейлердің өсуімен  қорлардың биомассасы артады. Су экожүйелерінің негізгі продуценттері – фитопланктондар. Мұның негізін құрайтын бір клеткалы балдырлар бірнеше күннен бірнеше аптаға дейін өмір сүреді. Екінші деңгейдегі организмдер мен трофикалық деңгейдегі организмдер ұзағырақ өмір сүреді де, биомассаны да көп жинақтайды.

55. Экожүйелердің гомеостаз

Экожүйелердің кеңістік және уақытша тұрақты – жылжымалы жағдайлары гомеостаз және сукцессия деген пікір екі процестің интегралды нәтижесі. Экожүйенің гомеостазы. Экожүйелердің ең маңызды қасиеті ондағы барлық компоненттерінің арасындағы зат пен энергия алмасу процестерінің тепе-теңдігі, тұрақтылығы. Экожүйенің өзін-өзі сүйемелдеуге және өздігінен реттелуге қабілеттілігін гомеостаз деп атайды. Гомеостаздың негізінде кері байланыс принципі жатыр. Осы байланыстың әсерінен қоректік заттардың қорға жиналуы мен бөлек шығуы органикалық қосылыстардың өндірілуі мен ыдырауы процестері реттеледі. Экожүйенің г-ын. ұстап тұруының белгілі бір шегі болады. Мысалы: ауылшаруашылығында егіс өнімін көбіне енгізілетін тыңайтқыштармен байланыстырады. Бірақ, әдетте, тыңайтқыштар шамадан тыс берілетіндіктен, гомеостаз жүйесі теріс кері байланыс әсерінің жоғарғы шеінен шығып кетеді. Соның салдарынан агроценозда егістік жерлердің тозуына әкеліп соғатын өзгерістер басталып кетеді.

56. Сандар пирамидасы

Экологиялық пирамида. Экожүйелердің әрбір трофикалық деңгейдегі таза алғашқы және соңғы өнімдерді құрудың және шығындардың жылдамдығы әр түрлі. Алайда, барлық экожүйелерге өнімдер пирамидаларының ережесі деп аталатын алғашқы өнім мен соңғы өнімдердің белгілі бір сандық арақатынастары тән. Сандық пирамида энергияның жыртқыш-қорек байланысы арқылы жүреді де, трофикалық деңгей бойынша организмдердің санын көрсетеді. Особьтердің саны продуценттерден консументтердің әр деңгейіне өткен сайын азая береді. Әрине топтасып бірге қорегін табатын организмдерге бұл ереже қолданылмайды. Әдетте жыртқыщтың дене мүшелері қорегінен үлкендеу болады, сәйкесінше өзінің биомассасын сақтау үшін оған бірнеше немесе көптеген қоректі жеуі керек. Мысалы: 1 га шалғындықта І-деңгейде 9 млн-ға жақын өсімдіктер өседі; ІІ-деңгейде 700000 өсімдіктермен қоректенетін жәндіктер; ІІІ-деңгейде 350000 жыртқыш жәндіктер мен өрмекшілер; ІV деңгейде бірнеше құстар.

57. Құрлық экожүйесінің типтері

Тропикалық далалар мен саванналар. Бұл құрғақ және ылғалды кезеңдермен сипатталатын аймақтар. Өсімдіктері сирек, ағаштар мен шөптер. Бұл биомдар ылғал мөлшері көп түсетін жылы аймақтарда орналасқан, бірақ өте құрғақ мерзім болады, солкездерде жиі өрт болып тұрады. Осы типті биомдардың ең үлкен көлемі Африкада, Оң.Америка, Австралияда кездеседі. Өсімдіктер түрі аз. Африка саваннасының тұяқтылар популяцияларына еш жерде теңдесі жоқ. Шөлдер. Бұл биом жауын-шашын мөлшері 10 см. аз түсетін облыстарда кездеседі. Егер эдафикалық жағдайы қолайлы болса, сирек те болса өсімдік өседі. Шөлдің өсімдіктері және жануарлары аридті жағдайға бейімделген. Шөлдің жануарлары Ылғалдық аз жағдайында метаболдық суды құру қабілеті жоғары. Чапарраль. Бұл биомдар жұмсақ қоңыржай, бірақ жазда құрғақ, қыста жаңбырлы климаттық облыстарда тараған. Өсімдіктері мәңгі жасыл ағаштар мен қатты жапырақты бұталар. Калифорния, Мексика, Жерорта теңізі, Оң.Австралия жағалауларында кездеседі. Жауын-шашын қарашада басталып мамырға дейін созылады. Өрттен кейін алғашы жаңбырдан соң бұталар қайта өсе бастайды. Дала. Бұл биомдар өте үлкен кеңістікті қамтиды және адам тіршілігінде өте маңызды рөл атқарады. Бұл табиғи жайылымдар. Ылғалды далаларды ауылшаруашылықты нанды-дақылдар егістігінде пайдалану, бұл экожүйелердің құрылымын және функциясын аз өзгертті. Жайылым ретінде пайдалану бұл биомдардың бұзылуына әкелді. Жапырақтары түсуші ормандар – біркелкі тараған жауын-шашын мөлшері (75-150 см./ж.) мөлшері және қоңыржай маусымдық ырғалатын температура жағдайындағы аумақтарда таралған. Бұл Солт.Жартышарда, Оңт.Жартышарда жоқ. Аралас ормандар. Бұл ормандарда жапырақтүсуші ағаштармен қатар қалқан жапырақты ағаштар өседі. Бұл биомдар суық қысты аймақтарда таралған. Бұл ормандар: АҚШ-тың оңт.шығысында, Б.Еуропада, Солт. және Шығыс Манчжурияда және Сібірге қоысылып жатқан шектес аймақтарда. Ш.Корея және С.Жапонияда орналасқан. Тайга. Бұл биомдар қыста тұрақты қар жамылғысымен және салқын қыс климатымен сипатталады. Тундра. Бұл Тайганың сол-де, Солт.Жартышарда белдеу болып қамтыған ормансыз биом. Топырақтары қоректік элементтерге кедей, егіншілікке жарамсыз. Жылына 25 см. жауын-шашын мөлшері түседі.

Информация о работе Шпаргалка по "Экологии"