Шпаргалка по "Экологии"

Автор: Пользователь скрыл имя, 25 Февраля 2012 в 21:37, шпаргалка

Краткое описание

Работа содержит ответы на вопросы по дисциплине "Экология".

Файлы: 1 файл

Экология и.doc

— 300.50 Кб (Скачать)

58. Табиғи ортаның экологиялық факторлар анықтамасы

Тірі организмдерге әсер ететін ортаның элементтерін экологиялық факторлар д.а. Эк.ф-р организмдер мекендейтін ортасының жағдайын анықтайды. Кез-келген организмге қоршаған ортада көптеген экологиялық факторлар әсер етеді. Дәстүрлі жіктелу бойынша оларды: абиотикалық, биотикалық және антропогендік деп бөледі. Абиотикалық факторлар – бұл тірі организмге әсер ететін қоршаған орта жағдайларының тірі емес компоненттері. Биотикалық факторлар – бұл организмдердің тіршілік әрекетінің басқаларына тигізетін әсері. Антропогендік факторлар – адам қызметінің қоршаған ортаға тигізетін әсерінің жиынтығы.

59. Қаз()ның экол.апатка ұшыраган аймактары

Семей сынақ полигонында 1949-60жж. арасында 200 жарылыс атмосферада, ал 1961-89 жж. арасында 400-дей жарылыс жер астында болып, олардың кейбіреулерінен радионуклеидтер шашылды. Ресми емес мәліметтерге қарағанда лейкомия ауруларынан қазаға ұшырағандар саны 10-даған 1000-дарға жетеді. Ертіс суы (мыс, мырыш, кадмий, қорғасын, мышьяк т.б.) ауыр металдармен ластануда, олар ағын сулармен еріп құйылады. Каспийдегі су басу қаупі ең мол мұнай кеніштері Каспийдің терістік және терістік-шығыс жағалауларында. Ауылшаруашылық дақылдарын суғаруға Тянь-Шань тауынан келетін су ағындарының 90% пайдалану Арал суының тартылуына әкеліп соқты. Теңіз көлемі 2,6 млн.га. кеміп, теңіз 60% көлемін жоғалтты, деңгейі 18-20 м. төмендеп, тұздылығы 3 есе артты. Күн сайын теңіз шегінген алқаптан 200 т. тұздар мен шаңдар желмен 200 км.-ге шейін жеткізіледі. Қазіргі кезде шөлдену процестері жалғасып топырақ сорлануда, өсімдік жамылғысы мен жануарлар дүниесі азайып, климат өзгеріп, халықтың сырқаттануы өсуде.           

60. Далалық экожүйе қоректік тізбегінде қоянның  еншісіне күн энергиясы қанша пайызы түседі.Жылына биосфераға түсетін энергияның мөлшері 2,5*1024 Дж. Осы энергияның тек шамамен 0,3% ғана фитосинтез процесінің нәтижесінде органикалық заттардағы химиялық байланыстардың энергиясына ауысады және тек 0,1% таза бірінші өнімге өтіп отырады. Әрі қарай қоректік органикалық заттар арқылы трофикалық (қоректік) тізбекке сәйкес таралады. Энергияның пирамида заңына сәйкес немесе 10%-дық Р.Линдеманның (1942 ж) ережесіне сәйкес, бір қоректік деңгейден басқа деңгейге өтетін энергия шамамен 10%-дан аспайды. Осындай деңгейлер көп болған сайын, ең соңғы тұтынушыға жететін энергия үлесі соғұрлым аз болады.Органикалық заттардың ыдырауы әр түрлі организім топтарының қатысуымен жүреді. Таза бірінші өнім энергиясының шамамен 90%-ын бөлетін микроорганизімдер мен саңырауқұлақтар, 10%-ға жуығын – омыртқасыз жануарлар және 1%-дан аздауын – омыртқалы жануарлар – соңғы консументтер бөледі. Соңғы көрсеткішке (1%) сәйкес бір пайыз ережесі мазмұндалған. Осы белгіленген қатынастар биосфераның  орнықтылығын ұстайтын негізгі жағдайға жатады. Табиғи жүйе энергиясының 1% шамасында өзгеруі жүйені тепе-теңдік жағдайынан шығарады.Жер бетіндегі ірі масштабтағы құбылыстардың бәрі де Күн сәулесі энергиясының 1%-нан аспайтын жиынтық энергияға ие. Энергияның пирамида заңы тұрғындарды азық-түлікпен қамтамасыз етуге арналған Жер көлемінің есбін жасауға және т.б. экологиялық-экономикалық есептерді жасауға қолданылады. Күн энергиясы ағыны арқасында Жерде ауа мен судың әлемдік физикалық айналымы жүреді. Ауа массасының жылжуы механиқалық әсерлердің (жел, толқын, ағыстар) басқа заттардың – бірінші кесте су буы мен шаң бөлшектерінің, әртүрлі құрамындағы аэрогендік миграциясының жүруін қамтамасыз етеді. Күн радияциясының әсерінен атмосферада әртүрлі фитохимиялықреакциялар – су фотолизі, озонның, күкіртті сутекті түзілуі орын алады. Тасымалданатын масалық көлемі мен жұсалатын энергияны ескергенде Жердегі ең үлкен заттар айналымның біріне су айналымы жатады. Жылына бұл процеске қатысатын небәрі бүкіл гидросфера масасының тек 0,04% болса да, секундына 16,5 млн. м3 және 40 млрд. МВт Күн энергиясы айналымға түсіп отырады. Күн энергиясының арқасында жүретін су мен ауаның физикалық айналымынан басқа көптеген химиялық элементтер мен олардың қосылыстары айналымға тартылады.

Жоғарыда айтылғандай, биоценоздағы роганизімдер арасында тұрақтық қоректік байланыстар қалыптасқан.

61. Антропогенді факторлар – экологиялық факторлардың ерекше тобы.Антропогендік (антропикалық) факторлар – адамның қатысуымен қоршаған ортаға, организімдердің тіршілігіне немесе өсімдіктер мен жануарларға тікелей әсер етуі. Антропогендік факторлар жыл өткен сайын күшейіп келеді. Соңғы кездері антропогендік факторлардың әсерінен биосферада күрделі экологиялық проблеммалар пайда болды (биоәртүрліліктің азаюы, парникті эфект, кышқыл жаңбырлар, орманды ағаштардың көптеген қырқылуы, шөлейттенуі, ортаның улы заттарменластануы т.б.). Адам қоғамының қоршаған ортаға тигізетін әсері мол: қоршаған ортаның (атмосфераның) құрамы мен қасиетін, өзендерді, теңіздер мен мұхиттарды, сонымен қатар топырақты жай ғана емес радио актифті заттармен ластау экожүйелердің құрамы мен құрлымына, көптеген өсімдіктер мен жануарлар дүниесінің биологиялық алуантүрлілігінің азаюы мен жойылып кетуіне әкелуде.Жыл сайын 26 млрд тонна құнарлытопырақ беті өзгеріске ұшырап, қышқыл жаңбырлар әсерінен 31 млрд гектар жердің ормандарына зиян келіп жүздеген миллион тонна әртүрлі химиялық заттар өндірілуде, 25-30 мың өісмдіктер түрі жоғалып кетудің алдында және бұл процестер планетамыздағы адам санының күрт өсуі мен бірге қатар жүріп келеді.Антропогендік факторлар роганизімге тікелей (ағаштарды кесу, аң аулау) және жанама әсер ету (ортаның ластануы, өзендерге су қоймаларын салу) болып бөлінеді. Антроаогендік факторларға техногендік факторлар (радияция, ластану, құрғату жұмыстары, электромагнитизм және т.б.) да жатады. Жалпыға белгілі факторлар классификациясынан (абиотикалық, биотикалық, антропогендік) басқа экологиялық факторлардың басқа да классификациялары кездеседі.

62. Шөгінді жыныстардың түзілуіндегі тірі заттың рөлі.Тірі зат химиялық құрамы, энергия және салмағы арқылы біріккен бүкіл тірі организімдердің жиынтығы. Бұл биосфераның азғана бөлігін құрғанымен бүкіл биосфера салмағының 0,01%-інің негізін құрайды. В.И.вернадский бойынша, тірі заттар – бұл қуатты геологиялық фактор болып табылатын тіршілік ететін немесе бұрын тіршілік еткен тірі организімдердің жиынтығы.Биосфераның тірі заттары химиялық және геологиялық тұғыдан өте белсенді болып саналады. Планетамызда тірі заттардың 5 негізгі компоненттерін ажыратады:1. Энергетикалық – биосфералық-планетарлық құбылыстардың космастық сәуле шығаруымен, күн радиясымен байланысын жүргізу;2. Газды – газдардың миграциясын және олардың айналымын, атмосфералық газдық құрамын қамтамасыз ету;3. Тотығу-тотықсыздану – тірі заттың әсерінен тотығу (ортаның оттегіме байытылуы) және тотықсыздану – оттегінің тапшы кезінде органикалық заттардың ыдырауы, күкіртті сутектің түзілуі, жинақталуы процесі;4. Жинақтау – организімдердің өз денелерінде шашыранды химиялық элементтерді жинақтау қабілеті, олардың мөлшерін қоршаған ортамен салыстырғанда бірнеше есеге көбейту;5. Деструкциялдық - өлген органикалық заттардың ыдырауы, яғни тірі заттың өлі затқа айналуы. Нәтижесінде биосфераның биогенді және биологиялық өлі заттары түзіледі. 63. Семей ядролық полигоны. Невада-Семей антиядорлық қозғалыс. Осы аймақтың экологиялық мәселелерін шешу жолдары.Республика жерінде соғыс полигондары болған аумақтар 30 млн гектардан асады. Мұндағы соғыс техникасының қалдықтары, ракета сынықтары, бақылау обектілері ешбір көмусіз шашылып жатыр. Олар негізінен – Семей, Нарын, Азғыр, Тойсойған, Байқоңыр ғарыш айлағы, Сарышыған сынақ полигондары.Шығыс Қазақстанның 19 млн гектар жері 40 жыл бой ядролық сынақтың полигоны болды. Осы жерлерде1949-1989 жылдары аралығында атмосферада – 27, жер бетінде – 183, қалғандары жер астында ядролық сынақтар болды. Ядролық қарудан тек атом бомбаларын сынаумен шектелмей, полигондарда соғыс ракеталарын, т.б. техникалары да сынақтан өтіп отырады. Батыс Қазақстан аумағында 1966-1979 жылдары 24 рет ядролық қару сыналған. Соның ішінде Азғыр полигоны ғана 6,1 мың гектар жерді алып жатыр. Мұндай сынақтар 1968-1970 жылдары Үстіртте де жасалған. Сол сияқты ірі плигондар қатарына Атырау облысының Тойсойған, балқаш көлі маңындағы Сарышаған, Ташкент-4 сынақ алаңдары мен Байқоңыр ғарыш айлағы да жатады. Осы аймақтарда радиоактивті заттардың (кадмий, стронций, қорғасын) шекті мөлшері бірнеше есеге көбейіп кеткен.Плигондардың ішінде Семей өңірі ең көп зардап шеккен аймақ. Мұнда атом қаруын сынаудың ғылыми орталығы орналасқан. Ол – Курчатов қаласы. Бұрынғы Семей облысының Абай, Бесқарағай, Жаңасемей, Абыралы аудандарының аумақтары атом сынақтарының ордасы аталып, ең көп зардап шеккен экологиялық апатты аймаққа айналды. Полигондарға пайдаланылған жерлердің ауа, су, топыақ, тіпті өсімдіктер жабыны радионуклейдтермен ластанып, ауа және жер асты сулары арқылы мыңдаған километр жерге тарайтыны белгілі. Қазірдің өзінде Қазақстанда 2,6 млн адам мутагенез ауруымен есепте тұр. Қатерлі ісік, қан аурулары, сәулелік ауру, жүйке ауруларымен ауырғандар санының көрсеткіші бұл аймақта республика бойынша ең жоғары.   64) Абиотикалық факторлар Қоршаған ортадағы тірі емес факторлардың организімге әсерін абиотикалық факторлар деп атаимыз. Оған сыртқы ортаның физикалық, химиялық қасиеттері жатады. Мысалы, ауа райы, жылу, ылғалдық, қысым, жел күші, тұздылық.Абиотикалық факторлар – тірі организмдерге тікелей және жанама әсер ететін өлі табиғат факторлары. Оларға климаттық (температура, ауа қысымы, жел, ылғалдық, жарық және т.б.) атмосфералық (атмосфераның химиялық құрамы) топырақ (эдафикалық) геоморфологиялық, гидрологиялық және басқа факторлар жатады.Мысалы, топырақтың механикалық құрамы, ылғал сыйымдылығы, өткізгіштігі.Судағы немесе топырақтағы қоректік элементтер, газдың құрамы, судың ащылығы.

65. Биосферадағы зат айналымдары. 1. Геологиялық зат айналымы – Тау жыныстарының түзілуімен, үгілуімен және бұзылған өнімдердің – сынықтар мен химиялық элементтердің кейін басқа жерге ауысумен байланысты. Бұл процестердегі басты рөлді су мен топырақ бетінің термиялық қасиеті: күн сәулелерінің сіңірілуі мен шағылуы, жылу өткізгіштігі және жылу сиымдылығы атқарады. 2. Кіші немесе биологиялық зат айналымы – бұл өсімдіктер, жануарлар, саңырауқұлақтар, микроорганизмдер және топырақ арасындағы зат айналымдары. Биологиялық айналымның мәні екі қарама-қарсы, бірақ бір-бірімен байланысты процестердің нәтижесінде – органикалық заттардың түзілуі және олардың бұзылуы жүреді. 3. Күкірт айналымы – бұл цикл суды, топырақты және атмасфераны қамтиды. Күкірттің негізгі қоры – топырақта және тұнбаларда. Күкірт айналымының негізгі буынына аэробты тотығу процесі, яғни, сульфидтің (немесе күкіртті сутектің) сульфатқа және анаэробты тотықсыздану процесі, керісінше сульфаттың сульфитке дейін өзгеруі жатады. Бұл реакциялар белгілі батареялар тобының қатысуымен өтеді.4. Оттегі айналымы – фотосинтез процесінен басталады. Оның биологиялық айналымы 250 т/жыл, ал биосферадағы оның жалпы массасы – 10-ның 14 дәрежесі тонна. Оттегі жер бетінде ең көп таралған элемент: оның атмосферадағы (салмақтық % ) мөлшері – 23,1 % (288 мг/л); Литосферада – 47,2 %, Гидросферада – 86,9%.5. Фосфор айналымы – фосфор нуклеин қышқылдарының, клетка мембраларының, энергия тасмалдаушы жүйелердің (АДФ, АТФ), сүйек ұлпасының, дентиннің (тістің негізгі бөлігін құрайтын сүйек ұлпасының бір түрі) құрамына кіреді. Бұл айналымның ерекшелігі – редуценттердің фосфорды органикалық түрде бейорганикалық түрге тотықтырмай көшіретіндігінде.6. Көміртегі айналымы – көмірсулардың, майлардың, белоктардың, нуклеин қышқылдарының (ДНҚ,РНҚ) және  тіршілікке қажет басқа органикалық қосылыстардың негізгі «құрылыс материалдарына» жататын көміртегі – биологиялық айналымның негізгі қатысушысы.7. Азот айналымы – атмосфералық ауаның 78%-ын азот құрайды. Бірақ азот химиялық жағынан белсенділігі төмен элемент. Азот барлық белоктардың құрамына кіреді. Биосферадағы азот айналымын анаэробты бактериялардың және көк-жасыл балдырлардың бірнеше топтары жүргізеді. Бұршақ тұқымдас өсімдіктердегі түйнек бактерияларында азотты сіңіру процесі оттегінің артық мөлшерінен арнайы өсімдік гемоглобинімен қорғалған күрделі фрагментті жүйенің көмегімен жүреді.8. Су айналымы – күн энергиясы, тартылу күші, тірі организмдердің тіршілігі және адамның шаруашылық қызметінің әсерімен Жер бетінде судың үздіксіз жүретін, бір-бірімен байланысты процесс. Су айналымы табиғи жағдайда былай жүреді: жауын-шашын атмосферадан жер бетіне түсіп, топыраққа сіңіріледі немесе су қоймаларына ағады.Организмдер тіршілігінің барысында биосфераның әртүрлі құрылымдық бөлімдері арасында жүретін энергия мен зат айналымын, яғни химиялық элементтердің тірі организмдердің қатысуымен қозғалуын және өзгеруін «Биохимиялық айналымдар»(«циклдар») д.а.Бұл айналымды 2 негізгі типке бөлуге болады:Газ тәрізді заттарды атмосферадағы немесе гидросферадағы  (мұхиттарда) айналымы.Жер қыртысындағы шөгінділер.

66) Қоғамның туракты даму моделі1992 ж. Маусымда Рио-Де-Жанейро өткен БҰҰ-ның қоршаған орта мен даму туралы конференциясында «Тұрақты Даму концепциясы және ХХІ ғасыр күн тәртібі» атты бағдарлама қабылданды.Тұрақты Даму концепциясы : Негізгі факторлары:Экономикалық – табиғи қорлар және экологиялық технологияларды тиімді пайдалану, соның ішінде шикізаттарды алу, оларды өңдеу, қалдықтарды азайту, қайта өңдеу, жою және т.б.Әлеуметтік - әлеуметтік және мәдени жүйелерді тұрақты сақтау. Адамдар арасында қоршаған ортаға зиян келтіретін, тигізетін жағдайларды азайту тұрақты даму практикасын кең пайдалану, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан дәстүрлерді ескеру.Экологиялық – биологиялық, физикалық жүйенің табиғи жүйенің біртұтастығын қамтамасыз ету. Мұндай экожүйелердің өздерін қалпына келтіру және өзгеріске динамикалық бейімделу қабілетін сақтау.Тұрақты Даму концепциясының мақсаттары: Экономикалық – тиімділік, өсу, тұрақтылық; Экологиялық – экожүйелердің тұрақтылығы, қалпына келуі; Әлеуметтік – құрылыс жағдайдың жақсы болуы, мәдениет, мұрасын сақтау;Тұрақты Даму концепциясының кезеңдері:2007 – 2009 ж.ж. – Дайындық кезеңі.2010 – 2012 ж.ж. – І кезең.2013 – 2018 ж.ж. – ІІ кезең.2019 – 2024 ж.ж. – ІІІ кезең.

67) Негізгі абиотикалық факторлардың экологиялық маңызы. Негізгі абиотикалық факторларға: жарық, температура және ылғалдылық жатады. Биосфераға жарық өте қажет,  өйткені ол фотосинтезге  қатысып, өсімдіктер үшін энергия көзі болып табылады. Жарық немесе күн сәулесі қалың атмосфера қабатынан өтіп, электромагнитті толқындар болып, жерге түседі. Олар организмдерге түрліше әсер етеді. Оның әсері әртүрлі организмдерде жүйелік фотосинтез, алғашқы өнім, зат алмасу процестеріне әсер ететін көзге көрінетін сәулелердің қуатына, организмнің реакциясына байланысты.Көзге көрінетін жарық сәулесінің жануарлардың мінезіне де әсері күшті.Жануарлардың жарыққа байланысты әрекетін ең қарапайым реакциясын Фототропизм (грек. Tropos - бұрылу) деп атаса,ал жарықтың қуаты, сапасы және күшінің жануарлардың қозғалу бағытына әсерін таксис д.а. Жарықты жерде тіршілік ететін жәндіктер үшін жарық оң таксис болса,қараңғыда тіршілік ететін жануарлар үшін (мыс.жарғанат)-теріс таксис (грек.taxis – тұрған орын) болады.Жарықтың түсуіне қарай өсімдіктер уш топқа бөлінеді:1)Жарық сүйгіштер-гелиофиттер2)Көлеңке сүйгіштер-сциофиттер3)Көлеңкеге шыдамды өсімдіктерАбиотикалық факторлардың ішінде температура ең негізгі фактолардың бірі болып саналады.Әр организм белгілі бір температура аралығында ғана өмір сүруге бейімделген.Олардың дене температурасы сыртқы орта температурасына байланысты,тек қана кейбір түр өкілдерінде температураның белгілі мөлшерін тұрақты сақтап тұратын бейімделушілік механизмдері болады.Қоршаған орта температурасының организмдерге әсері сандық және сапалық болуы мүмкін.Температураның сандық әсері организмдердің жеке даму ерекшеліктеріне де байланысты,әсіресе,организмдердің белгілі температуралық мөлшерді қажет ететін кезеңдерінің маңызы зор.

Су-өсімдіктер мен жануарлар тіршілігінде өте маңызды рөл атқаратын компонент.Организмдердің сумен тығыз байланысын Жер бетіндегі тіршіліктің пайда болуы мен дамуының сулы ортадан басталғанымен түсіндіруге болады.Организм үшін судың маңызы өте зор:ол-еріткіш,тасымалдаушы және тіршілік ортасы.Барлық тірі организмдер судан құралған,организмдердегі оның мөлшері 90%-ға дейін болады.Клеткадағы су мөлшерінің фотосинтез,тыныс алу,т.б.процестер үшін де үлкен маңыз бар.Организмдердің суды сіңіру не бөлу процестері нәтижесінде сақталатын су мөлшері «Су тепе теңдігі»д.а.

68.Биосфердағы заттар айналымы.Биогеохимиялық заттар.Биосфералық зат айналымы бұл өсімдіктер,жануарлар,саңырауқұлақтар,микрооргонизмдер және топырақ арасындағы зат айналымы.Биологиялық айналымнын мәні екі қарама қарсы,бірақ бір бірімен байланысты процестердін нәтижесінде органикалық заттардың түзілуі және олардың бұзылуы жүреді.Органикалық заттардың тузілуінін алгашкы этапы жасыл өсімдіктердегі фотосинтезбен,ягни көмір кышкыл газ,су,жай минералдық қосындылар және кун энергиясынын тірі заттардың түзілуі.Өсімдіктер топырақтан күкірт.фосфор.кальции.жане басқа элементтердің қосылыстарын қорек ретінде пайдаланады.Жыртқыштар осы өсімдік қоректі жануарлармен қоректеніп оданда күрделі құрамды заттарды сіңіреді.оргоникалық заттарды түзуге жерге күн энергиясының тек 0.2% ғана жұмсалады.Осының өзі өсімдіктергдің жасыл масса мен оттегіні ондіруіне жетеді.сөйтіп заттардың биологиялық айналымдарының негізін өсімдіктер хлорофиллдері мен Күн энергиясы құрады.Биологиялық зат айналымынын манызы органикалык қосылыстардын синтезделуі мен бұзылуы.Оргонизмдер тіршілігінің барысында биосфераның әртүрлі құрылымдық бөлімдері арасында жүретін энергия мен зат айналымын яғни химиялық элементтердің тірі организмдердің қатысуымен қозғалуын жане өзгеруін биогеохимиялық заттар деп атаймыз

69.Биосферадағы оттегі айналымы, схема. Оттегі айналымы негізінен атмосферамен тірі организмдер арасында жүреді. Бос күйіндегі оттектің биохимиялық және физиологиялық процестердегі ролі ерекше. Бос оттегі атмосферада жасыл өсімдіктердің фотосинтез прцесі нәтижесінде түзіледі. Ол жануарлар, өсімдіктер мен микроорганизмдердің тыныс алуына және органикалық заттардың минералдануына қолданылыды.  70.Табиғи ресурстар жане олардын жіктелуі,қорғау жолдары.Табиғи ресурс адамның мұқтажын қамтамасыз жане көздешен мақсатына жету үшін пайдаланатын қоршаған ортадағы заттардың,құбылыстардың,табиғи денелердің жиынтығы.2ге бөлінеді.Сарқылатын жане сарқылмайтын.Сарқылмайтын табиғи ресурстар табиғатты ұзақ пайдалану кезінде саны мен сапасы өзгермейтін немесе аздап қана өзгеретін табиғи физикалық құбылыстар жане денелер.Мұндай ресурсға күн энергияясы,жер қойнауы,жел энергиясы жатады.Сарқылатын табиғи байлықтар табиғатты пайдалану барысында саны мен сапасы өзгеретін табиғи физикалық құбылыстар жане денелер.Сарқылатын 3 бөлінеді.Қалпына келетін  өсімдіктер,жануарлар,жане микрооргонизмдер әлемі.Қалпына келмейтін миллиондаған жылдар бойы жер қойнауында түзілген пайдалы қазбалар.Салыстырмалы қалпына келетін  пайдалануға қарағанда орнына қайта келуі баяу журетін ресурстарТабиғатты тиімді пайдаланудың мынадай ерекшеліктері бар:табиғи байлықтарды пайдалану оларды орнына келтірумен қатар жүруі керек,табиғи байлықтарды кешенді пайдалану,табиғи байлықтарды қкйта пайдалану,табиғатты қорғау шараларын жүргізу.

Информация о работе Шпаргалка по "Экологии"