Шпаргалка по "Экологии"

Автор: Пользователь скрыл имя, 25 Февраля 2012 в 21:37, шпаргалка

Краткое описание

Работа содержит ответы на вопросы по дисциплине "Экология".

Файлы: 1 файл

Экология и.doc

— 300.50 Кб (Скачать)


1.Экология пәні, оның негізгі мақсаты

Экология (грек oikos-үй, баспана logos-ілім ғылым) тірі организмдер мен қоршаған ортаның қарым қатынасының н\е тірі организмдердің ортадағы өмір сүру шарттарының жағдайын оргнизмдердің бір-бірімен өзара байланысын зерттейтін ғылым.Экология пәнінің негізгі мақсаты ғаламдық проблемаларды бақылай отырып ондағы тіршіліктің тұрақтылығын сақтау.<<Адам -қоғам -табиғат>> арасындағы қарым қатынастарды үйлестіре отырып, табиғат ресурстарын тиімді пайдалануда негіздеу. 

Экология ұғымын ғылымға алғаш рет енгізген неміс ғалымы Э. Геккель (1866) экологияға мынадай анықтама берді:<<Экология деп біз табиғат экономикасына қатысты барлық білімдерді  жануардың оны қоршаған органикалық және бейорганикалық ортамен әсіресе оның өзімен тікелей немесе жанама қарым қатынаста болатын жануарлармен және өсімдіктермен өзара ынтымақтастық немесе қастастық әрекеттердің бар жиынтығын зерттеу деп түсінеміз.

2.Экология бөлімдері; аутэкология, синэкология, ғаламдық экология.Қазіргі таңда экология ғылымы зерттелетін  объектілердің ерекшеліктеріне  қарай бірнеше бөлімдерден тұрады;Аутэкология (грек autos-өзім) жеке организмдердің қоршаған ортамен қарым- қатынасын  зерттейтін экология бөлімі. Аутэкология ұғымын алғаш рет 1896ж Шретер особьтар экологиясы үшін қолданды.Аутэкология организмдердің өлі материядан айырмашылығы ; зат алмасу, көбею өзгергіштік ж/е тұқымқуалаушылық өсуі мен дамуы, тітіргеніштігі қозғалысы ж/е бейімдеушілік қасиеттері бар тіршілік иелері ретінде қарастырады.  Синэкология (грек syn-бірге) н/е қауымдастықтар экологиясы(биоценология)- биоценоз түзетін әр түрге жететін өсімдіктер, жануарлар ж/е микроорганизмдер популяцияларын, олрдың түзілуін, дамуын құрылымын өзгеруін ж/е қоршаған ортамен қарым- қатынасын зерттейді.Осы бағыттардың негізінде жаңа жалпы биосфераның мәселелерін қарастыратын – Ғаламдық экология

3.Экология пәнінің басқа пәндермен байланысы

Экология бастапқы кезде биологиялық ғылымның құрамына еніп организмдермен қоршаған ортаның өзара тығыз байланысын ғана зерттеумен шектелген болса қазіргі заманда экология шеңбері одан да әрі кеңінен дамып көптеген ғылымдармен геграфия геология ,агрономия, химия архитектура, математика физика, генетика медицина, ғылымдардың барлық тығыз салалармен тығыз араласып кеті

4.Экология ғылымының тәжірибелік маңызы.

Адамзат қоғамында өмірінде экологиалық білімнің маңызы әрқашанда зор болған. Аң аулап,өсімдік жинап қоректеніп журген кездің өзінде жазу әлі болмаған  кезде ақ адамдар ұрпақтан ұрпаққа жнуарлардың тіршіліктері туралы білімдерін ауызша жеткізіп отырған.Экология ғылымы қалыптаса бастағаннан кейін бұл маселелер басқаша қаралды.Табиғи қорларды дұрыс пайдаланып қоршаған ортаға зиян, келтірмеуді ойлады.Экология жеке табиғи ғылыми пән ол организмнің өзара ж/е қоршаған ортамен қарым қатынасын зерттейді.Экология іргелі ғылым ж/е оның идеялары маңызды екенін ұмытпау керек. Оның заңдарын түсініктерін терминдерін дұрыс пайдалана білу керек.Экология барлық деңгейлердегі ағза үстілік биологиялық жүйелердің ұйымдасуымен тіршілік қызметі туралы ғылымға айналды.

5.ҚР Тұрақты даму концепциясы өту кезеңдері

1987ж БҰҰның Дүние жүзілік қоршаған ортамен даму комиссиясы Біздің жалпы болшағымыз атты есебінде қоршаған орта үшін қауіпсіз жолда экономикалық дәуірге шақырды. Алғаш рет тұрақты даму концепциясы ұсынылды. Тұрақты даму деген қазіргі уақыттың қажеттілігін қамтамасыз етуіне қауіп туғызбайтын даму.1992ж маусым айында РиО де Жанейро қаласында БҰҰ ның қоршаған орта мен даму б/ша өткен конференциясы Тұрақты даму концепциясын қабылдады.Бұл жалпы бағдарламада болашақты қамтмасыз ететін жалпы мәселелер қарастырылады.БҰҰ ның конференциясы барлық елдердің үкіметтерін тұрақты дамудың ұлттық концепцияларын қабылдауға шақырды. «ҚРсының тұрақты дамуға көшу «  концепциясы бекітілді.Республиканың экологиялық саясаты оның экологиялық қауіпсіздік қамтамасыз етуге бағытталған.Өту кезеңдері : 2007-2009 ж туракты дамудын дайындык кезенi

2010-2012 I кезең

2013-2018 II кезең

2019-2024 ж IIIкезең               

6.Экожүйедегі энергия ағымы және химиялық элементтердің айналымы Энергия – материяны барлық түрлерінің өзара әсері мен қозғалысының жалпы сандық өлшемі. Ол табиғат құбылыстарын біріктіреді. Жүйедегі энергияның өзгеруі жұмыс орындалған кезде жүреді. Экожүйе арқылы күн энергиясының бір организмнен 2-ші организмге ауыстыру жүргізіледі. Ең соңында барлық экожүйеге түскен энергия қоршаған ортаға жылылық түрінде таралады. Түскен энергия үрдіс азайып тұратын болғандықтан, күн сәулесінің энергиясы да үздіксіз түсіп тұруы қажет. Энергия мен заттар айналымының арасында айырмашылық бар. Су және химиялық элемменттер тоқтаусыз айналымда: су қоймаларынан н\е топырақтан өсімдіктерге, олардан жануарларға, бактерияға, топыраққа, суқоймаға, қайтадан өсімдікке келеді. Тірі организмге негізгі қажетті элемменттер: көміртегі, сутегі, азот, фосфор, күкірт.

7.Жасы ұлғайған сайын өлім-жітім мөлшері арта түсетін түрлердің тірі қалу қисық сызығын көрсету.

Мұндай тірі қалу қисық сызығы сүтқоректілерге адамға тән, яғни ересек даралардың өлімі жоғары(қисық өте дөнес) Жас кезінде өлім жітім мөлшері көп түрлердің тірі қалу қисық сызығын көрсету.

Мұндай тірі қалу қисық сызығы өмірінің ерте кезінде особьтарының өлімінің жоғарлылығын көрсетеді(молюскалар, көбелектер, және т.б)

8.Тұрақты дамудың үш бірлестірілген концепциясы Тұрақты дамудың 3 концепциясы. Негізгі факторлары. 1)Экономикалық 2)Әлеуметтік 3)Экологиялық.

Экономикалық-табиғи қорларды және экологиялық технологияларды тиімді пайдалану мен соның ішінде соларды алу мен өңдеу өнімдері шығару, қалдықтарды азайту, қайта өңдеу және жою.

Әлеуметтік- әлеуметтік мәдени жүйелерде тұрақтысақтау, адамдар арасында қоршаған ортаға зиян тигізетін жағдайларды азайту тұрақты даму практикасын кең пайдалану ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан дәстүрлерді ескерту.

Экологиялық- биологиялық және физикалық табиғи жүйелердің бір-тұтастығын қамтамассыз ету, мұндай экожүйелердің өздерін қалпына келтіру және өзгерістерге динамикалық бейімделу қабілетін сақтау.

Тұрақты даму  мақсаттары.

1)Экономикалық- тиімділік, тұрақтылық, өсу

2)Экологиялық- экожүйенің бір тұтастығын қалпына келтіру.

3)Әлеуметтік- тұрмыс жағдайының жақсы болуы. Мәдениеттік мұрасын сақтау. 

9.Экожуйенің автотрофты және гетеротрофты компоненттері. Экожүйе-зат айналымы жүре алатын организмдер мен бейорганикалық компоненттер жиынтығы.Экожүйелердің құрамы кәптеген факторларға,бірінші кезекте климатқа,геологиялық жағдайларға және адам әсеріне байланысты.Автотрофтар(грек.autos өзі)бейорганикалық заттардың органикалық заттарға айналуын жүзеге асырады. (жасыл өсімдіктер мен кейбір микроорганизмдер) Гетеротрофтар (грек.heteros әртүрлі)дайын органикалық заттармен қоректенеді.Автотрофтар органикалық затты синтездейді,ал гетеротрофтар оларды пайдаланады.Бұл процестің барысында органикалық заттардың ыдырауы жүреді.Егер ыдырау өнімдерін қайтадан автотрофтар пайдаланса,онда экожүйедегі ағзалар арасында зат пен энергия айналымы түзіледі.Гетеротрофтар органикалық заттарды бастапқы компоненттерге:көмірқышқыл газы,су,нитраттар,фосфаттар және т.б. дейін ыдырата отырып,оларда қоға жиналған химиялық энергияны босатып шығарады.Гетеротрофтар экожүйенің тұтынушылар тобын құрайды.Тұтынушыларды бірінші реттік тұтынушы және екінші реттік тұтынушы деп бөледі.Бірінші реттік тұтынушылар өсімдіктекті қорекпен(өсімдікқоректі жануарлар),екінші реттік тұтынушылар жануартекті қорекпен,сондай-ақ өсімдікқоректі организмдермен,яғни бірінші реттік тұтынушылармен қоректенеді.

10.Энергия пирамидасы деген не, оны схема түрінде көрсету. Пирамида д-з бір трофикалық деңгейден екіншісіне өткен сайын биомасса,сандық құрамы және энергия қоры азайып отырады.Оның 3 негізгі типі бар.Сандық пирамида,Биомасса пирамидасы және Энергия пирамидасы.соның ішінде Энергия пирамидасы-экожүйенің әрбір трофикалық деңгейіндегі немесе осы деңгейлер арқылы өтетін энергия мөлшерін көрсететін биомасса пирамидсыасының бір түрі.Алайда энергия пирамидасы ешқашан «төңкерілген» пирамида күйінде болмайды.Өйткені,келесі трофикалық деңгей өзі арқылы алдыңғы деңгейдің сіңірген энергиясының тек бір бөлігін ғана өткізуі мүмкін. Энергия бір деңгейден екінші деңгейге ауысқанда жоғалып отырады.

11.Популяциянының динамикалық көрсеткіштері:туылу,өсу жылдамдығы,өлуі. Популяция динамикаcы-популяциядағы особьтардың сандық мөлшерін және оларды реттеудің механизмдерін зерттейтін популяциялық экологияның бөлімі.Табиғатта популяцияның саны тұрақты болмайды.Өзгермеген жағдайдың өзінде,популяция динамикалық  тепе-теңдікті сақтайды-особьтердің азайған саны оның қалпына келетін санына тең.Туылу-көбею нәтижесінде уақыт бірлігінде пайда болған жаңа даралар саны.Тірі ағзаларға көбеюге деген мүмкіндік берілген.Бактериялар әрбір 20 минут сайын бөлінеді.Мұндай жылдамдықпен көбейгенде бір жасуша 36 сағатта бүкіл планета бетін жауып шығатын ұрпақ бере алады.Бір бақбақ өсімдігінің барлық тұқымдары өнетін болса,10 жылда өзінің ұрпақтарымен бүкіл дүние жүзін алып кетер еді.Іс жүзінде үлкен өнімділік еш уақытта жүзеге аспайды.Өсу жылдамдығы-уақыт бірлігіндегі орташа өсім.Егер Ro арқылы берілген түрдің бір дарасының өміріндегі беретін ұрпақтарының орташа санын белгілесек(таза көбею жылдамдығы)онда Ro>1популяция өседі(ұсақ жануарларға тән)Ro=1 популяция саны тұрақты.Ro<1кеміп бара жатқан популяциялар(кәсіптік жануарлар)Өлім-белгілі бір кезеңде өлген даралардың саны.Өлімнің 3 типін көрсетуге болады:I барлық жастағы өлімді сипаттайды(гидра);II даралардың дамуының ең ерте кезеңде өлімнің жоғары болуымен(айқұлақ);III ересек(қарт) даралардың өлімінің жоғары болуымен сипатталады.

12.”Демографиялық жарылыс” деген не,схема түрінде көрсету.Жер үшін ең үлкен проблема-тез өсіп келе жатқан халық саны.Осы процесті азайту ушін жасалған көптеген әртүрлі әрекеттер іске аспай жатыр.20 ғасырда адамзаттың санының жылдам артуын Демографиялық жарылыс д.а.Қазіргі таңда ол

Африка,Азия,Оңтүстік Америка елдерінде орын алуда.Кезінде экономист Мальтустың өзі халық санының бақылаусыз өсуі азықтүлітің тапшылғына алып келетінін айтқан болатын.Қазіргі таңда кейбір ғалымдардың айтуынша Мыс:ағылшындық климатолог ғалым Джеймс Лавлок Жер үшін 1 млрд немесе оған жақын халық саны оптималды деп есептейді.Соңғы 100ж.өсімге жердегі қазір өмір сүретін адамзаттың ¾-і сәйкес келеді.Ғасырдың екінші жартысында әр он жыл сайын жылдық өсім шамамен 10 млнға артып отырды.50 ж-53,3 млн болса,60ж-66,7 млн.70ж-70,3 млн,80ж-86,4 млн адам.Адам санының 1 млрд-тан 2 млрд-қа өсуі үшін 107ж. қажет болса,(1820-1927)ж ол 3 млрд-қа дейін-32ж 4 млрд-қа-12ж(1999)халық санының соңғы рет екі еселенуіне 38ж.қажет болды.

13.Популяция санының реттелуі;популяция тығыздығына тәуелді және тәуелсіз факторлар.Популяцияның саны дегеніміз берілген территроия немесе көлем бірлігіндегі организмдердің жалпы саны.Популяцияның тығыздығы дегеніміз популяция алып жатқан аудан немесе көлем бірлігіне шаққандағы организмдер саны.Табиғатта ешқандай популяция санының ұзақ уақыт өсе беруі қабілеті болмайды.Азық қоры немесе басқа қорлар таусылса өлген особьтардың саны оның туылған санынан асып кетеді.Мыс:Еуропадан Австралияға қояндарды әкелгеннен кейін,олардың саны күрт көбейіп кетті.Бірақ олар азық таппай,көптеген жыртқыштарға өздері қорек болды.Осының нәтижесінде олардың саны кеміді.Табиғи орта ұзақ уақыт барлық тіршілікке қажетті элементтермен қамтамасыз ететін особьтердің саны осы популяция үшін Ортаның сыйымдылығы болып табылады.Негізгі фактор-ол популяцияның өліміне әсер етуші фактор .Өліміне және туылымына әсер етуші факторлар популяцияның тығыздығы кобейгенде әсері басым болады.Мұндай факторларды популяцияның тығыздығына тәуелді д.а.Олар:азықтың жетіспеуі,жауларының көбеюі,аурулар.Тағы да бір тығыздығына байланысты фактор-миграция.Мыс:пітенің тығыздығы көбейсе,онда оларда басқа өсімдіктерге ұшып кету қабілеті пайда болады.

14.Ормандық экожүйе қоректік тізбегіндегі аралдардың еншісіне күн энергиясының қанша пайызы түседі. Жылына биосфераға түсетін энергияның мөлшері 2,5*10 24ДЖ.осы энергияның тек шамамен 0.3 пайыз ғана фотосинтез процесінің нәтижесінде  органикалық заттардағы химиялық байланыстарының энергиясына ауысады және тек осы 0,1 пайыз таза бірінші өнімге өтіп отырады.Әрі қарай қоректі органикалық заттар арқылы трофикалық (қоректік)тізбекке сәйкес таралады.Энергияның пирамида заңына сәйкес немесе он пайыздық Р.Линдеманның(1942)ережесіне сәйкес,бір қоректік деңгейден басқа деңгейге өтетін энергия шамамен он пайыздан аспайды.осындай деңгейлер көп болған сайын,ең соңғы тұтынушыға жететін энергия үлесі соғұрлым аз болады.Органикалық заттардың ыдырауы әр түрлі организм топтарының қатысуымен жүреді.Таза бірінші өнім энергиясының шамамен 90%-ын бөлетін микроорганизмдер мен саңырауқұлақтар,10%-ға жуығын-омыртқасыз жануарлар және 1%-дан аздауын омыртқалы жануарлар –соңғы консументтер бөледі.Соңғы көрсеткішке (1%)сәйкес бір пайыз ережесі мазмұндалған.Осы белгіленген қатынастар биосфераның орнықтылығын ұстайтын негізгі жағдайға жатады.Табиғи жүйе энергиясының 1% шамасында өзгеруі жүйені тепе-теңдік жағдайынан шығарады.Жер бетіндегі ірі масштабтағы құбылыстардың бәрі де Күн сәулесі энергиясының 1%-нан  аспайтын жиынтық энергияға ие.Күн энергиясы ағыны арқасында Жерде ауа мен судың әлемдік физикалық айналымы жүреді.             Омыркалы жануарлар 1% Аралар 10% Шөптесін өсімдіктер 90%

15.Тірі қалу қисығы экспотенциалды өсу, биотикалық потенциал. Табиғатта популяцияның саны тұрақты болмайды. Популяция санының динамикасы негізгі түр 4 популяциялық динамикалық процетердің әрекетінен таралады: 1) туылымы 2) өлімі,3)басқа популяциялардан жаңа особьтардыі иммигграциясы, 4) кей особьтардың популяция ареалының негізінен иммиграциялануы. Популяция особьтарының өмір ұзақтылығын тірі қалу қысық сызықтарының пайдаланып анықтауға болады. Ол қисық сызықтар үш түрге бөлінеді. 1. Сүтқоректілерге және адамға тән, барлық жастық топтарда өлімнің төмен екенін көрсетеді. Ересек даралардың өлімі жоғары(қисық өте дөңес) 2. Организмдердің ерте кездегі өлімнің жоғарлығын көрсетеді(моллюскалар, көбелектер). Өмірінің бастапқы кезінде особьтардың өлімі көп болуын көрсетеді(қатты иелгеноцық сызық). 3. Өлім өмірінің бойында тұраұты болатын түрлерге тән. Сол себептен тірі қалу қисық сызығы тік(тышқандар, қояндар, құстар). Бұл барлық жастағы өмірді сипаттайды.

16.Бес буынан түратын қоректік тізбек схемасын көрсету.

Күн энергиясы Шөптегіш өсімдіктер Шегіртке Шымшық  Жылан Жапалақ

17.«Тұрақты даму концепциясы»

Қазіргі кезең адамның ерекше биосфералық қызметі-биосфераны қорғау мен сақтап қалу қызметімен анықталып отыр. Экологиялық мәселелердің алдын алу үшін адам ретсіз дамудан, тиімді, реттелген, табиғат пен қоғамның даму заңдарына негізделген дамуға өтуі тиіс. Тек осы кезде ғана адамзат қоғамының дамуы үздіксіз, ұзақ уақыттық, бірқалыпты жағдайда, табиғи және әлеуметтік дағдарыссыз дамиды. Мұндай дамуды-Тұрақты Даму д.а.1987ж. БҰҰ-ның  Дүниежүзілік қоршаған орта мен даму комиссиясы «Біздің жалпы болашағымыз атты есебінде» қоршаған орта үшін қауіпсіз жолда экономикалық дәуірге шақырады. Алғаш рет «Тұрақты даму концепциясы» ұсынылды. «Тұрақты даму» деген қазіргі уақыттың қажеттілігін қамтамасыз ете отырып, болашақ ұрпақтар өзінің қажеттіліктерін қамтамасыз етуіне қауіп туғызбайтын Даму!1992ж.маусым  айында Рио-де-Жанейро қаласында БҰҰ-ның  қоршаған орта мен даму бойынша өткен конференциясы «Тұрақты даму концепциясын» қабылдады. Бұл бағдарламада болашақта тұрақты дамуды қамтамасыз ететін жалпы мәселелер қарастырылды. Сонымен қатар, конференцияда 2 концепция-климаттың өзгеруінің алдын алу мен ормандарды қорғау және биологиялық алуантүрлілікті сақтау мәселелері қаралды. БҰҰ-ның конференциясы барлық елдердің үкіметтерін Тұрақты дамудың Ұлттық концепцияларын қабылдауға шақырды. Сол ретте, ҚР-ның Үкіметі ұсынған «ҚР-ның Тұрақты дамуға көшу концепциясы» бекітілді. Республиканың экологиялық саясаты оның экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.Тұрақты даму моделінің ұйғарымдары:1) Өндірістің материалдық және энергия сыйымдылығын төмендету, қалдықтарды азайту, улы заттар айналымын азайту.2)Ауыл шаруашылығын тиянақты жүргізуді және ауыл шаруашылық дақылдарының өнімділігін көтеру арқылы аудандардың дамуына жәрдем беру, өсімдік пен жануар өнімдерінің нәрлі қасиеттерін жақсарту және т.б.

Информация о работе Шпаргалка по "Экологии"