Инвестиция

Автор: Пользователь скрыл имя, 26 Февраля 2012 в 18:59, курсовая работа

Краткое описание

Дипломдық жұмыстың басты мақсаты – инвестициялық процестерді қаржыландыру көздерін іздеу және инвестициялық нарықтың тиімділігін арттыру мәселесін шешу. Осыған байланысты келесідей міндеттер қойылады: инвестициялық нарықтың дамуының теориялық аспектілерін ашу; тікелей шетелдік инвестициялардың артықшылықтарын сипаттау; Қазақстан Республикасының қазіргі инвестициялық нарығын талдау; мемлекеттегі инвестициялық климат мәселелерін шешудің перспективалық жолдарын ұсыну.
Дипломдық жұмысымда осы міндеттерді табысты шешу үшін жекелеген инвестициялық жобалар қарастырылады.

Оглавление

Кіріспе 3
1б Инвестициялар: теориялық бейнелеу және инвестиция
тартудың әлемдік тәжірибесі
1.1 Инвестиция экономикалық категория ретінде 6
1.2 Инвестициялар: мәні, құрылымы, жіктелуі 9
1.3 Шетелдік капитал тартудың әлемдік тәжірибесі және оны 20
Қазақстан Республикасында пайдалану
2 бөлім. Қазақстан Республикасына шетел инвестицияларын
тарту және оны пайдалануды талдау
2.1 Қазақстан Республикасында шетел инвестицияларының
қазіргі кездегі жағдайы 26
2.2 “ТеңізШеврОйл” БК ЖШС мысалы негізінде шетел
инвестицияларын пайдаланудың тиімділігі 40
2.3 Мұнай өндірісіндегі инвестициялар көрсеткіштерінің
экономикалық-статистикалық даму моделі 55
3 бөлім. Қазақстан экономикасына инвестицияларды
тарту жолдары мен өзекті мәселелері
3.1 Қазақстан Республикасы экономикасына шетел
инвестицияларын тартудың өзекті мәселелері 62
3.2 Қазақстан Республикасы экономикасына инвестициялар
тарту механизмін жетілдіру жолдары 68
Қорытынды 74
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 78

Файлы: 1 файл

Инвестициялар.doc

— 466.00 Кб (Скачать)

Шетелдік капиталды тарту ХВҚ-нан валюталық қаражаттарды сатып алудан және жеңілдік жағдайларында займдар алумен басталды. Валюта сатып алу ұлттық ақшалардың сәйкес сомасы арқылы жүзеге асырылды және Қазақстанға ресми алтын валюталық авуарлар қалыптастыруға мүмкіндік берді.

Олар несие беруші елдер банктерінен, халықаралық қаржылық ұйымдардан және басқа қаржыландыру көздерінен несиелік ресурстардың, жеңілдікті займдардың келіп түсуі үшін материалдық негізі болып табылады.

Американдық үкіметтік емес “Мұрағат” қоры инвестиция үшін объект-елді таңдауда шешуші болып табылатын және осы елдің экономикалық бостандыққа талпыну жылдамдығын анықтайтын сегіз факторды бөліп көрсетті:

-         экономикалық өсу деңгейі;

-         саяси тұрақтылық;

-         нарық мөлшерлері;

-         шетелдік көмекке тәуелді болу;

-         сыртқы қарыздар мөлшері;

-         валюта айырбасталымдығы;

-         валюта күші;

-         ішкі қор жинау деңгейі.

Қазақстан Республикасының Инвестициялар жөніндегі мемлекеттік комитетінің экс-төрағасы О.Жандосовтың пікірінше, көптеген шетелдік компаниялар Қазақстандағы олардың инвестициялық белсенділігіне әсер ететін негізгі стратегиялық факторлары ретінде мыналарды бөліп қарастыруға болады:

-         бай табиғи ресурстарға қол жеткізу;

-         қазақстандық нарықтың зор мүмкіндіктері;

-         инвестициялық жобалардың пайдалылығы және өтелімдігі;

-         аймақта орын алуда бәсекелестерден озуға талпыну;

-         Қазақстанның тиімді стратегиялық жағдайы;

-         әлемдік деңгеймен салыстырғандағы еңбекақының төмен шығындары және шикізат сатып алу;

-         Қазақстанның көмір сутегі шикізатының ірі жабдықтаушысы ретіндегі ролінің артуы;

-         Қазақстанның Шығыс пен Батыс, Еуропа мен Азия арасын көліктік-транзиттік, коммуникациялық және жалпы мәдени байланыстырушы буын ретіндегі геосаяси кеңістікті жағдайы.

Салықтар мен инвестициялар бойынша халықаралық орталығы қазақтандық нарықтың тартымдылығы туралы батыстың жетекші инвесторлары арасында сауалнама жүргізген. Оның нәтижелері бойынша, батыс инвесторларын қызықтыратындар: бай шикізат ресурстарына қол жеткізу (бұл фактіні 45% сауалнама жүргізілгендер байқаған); зор нарықтық потенциал және қолайлы іскерлік климат (41%); еңбек ресурстарының молшылығы; стратегиялық орналасу; аса жоғары пайда коэффициенті.

Әлемдегі әрбір елге  негізінде бірқатар экономикалық факторларды есепке алу жүйесі жатқан, инвестициялық қызмет үшін жасалған жағдайлар тұрғысынан белгіленген рейтинг (бағалау) тағайындалады. Республика экономикасының мүмкіндіктеріне халықаралық сенімділіктің өсу көрсеткіші болып ИБКА, Standard & Poor және Moody’s Investor Service рейтингтік агенттіктерінің тағайындаған ұзақ мерзімді несиелік рейтингтері саналады. Сондықтан да қазақстандық еуробондтар халықаралық капитал нарықтарына екі рет орналастырылды. Қазақстан ТМД елдері арасында тартылған шетелдік инвестициялардың орташа жанға шаққандағы (400 доллар шамасында) көрсеткіші бойынша алдыңғы қатарда болып отыр, ал олардың жалпы көлемі 7 млрд. доллардан асып отыр.

Республика үкіметі және Ұлттық банкі жүргізіп отырған макроэкономикалық тұрақтылық бағамының көрнекті жетістікретінің бірі болып  экономиканың қаржылық-несиелік жүйесіндегі жалпы фонындағы экономикалық өсудің жалғасуы саналады. Банктік жүйені капитализациялау артқан: банктердің меншікті капиталы жарғы капиталының 17,7 млрд. теңгеден 27,3 млрд. теңгеге өсуі кезінде 24 млрд. теңгеге өсіп, 29,3 млрд. теңгеге жеткен. Несиелік қоржындардың құрылымы да жақсарған – қалыпты несиелердің үлесі 68%-ке жеткен, ал сенімсіз несиелердің үлесі 12,2-ке кеміген. Тәуекелдерді азайту және банктік жүйені сауықтыру ұлттық валютадағы депозиттердің 23,7%-ке өсуіне, шетелдік валютадағы депозиттердің 31,5%-ке кемуіне септігін тигізді.

Саясатта, бәрімізге мәлім, қателік құны ең жоғары болып табылады. Кең таралған және ресми көзқарас тұрғысынан қарағанда, барлық инвестициялардың 92%-і шетелдіктер үлесіне тиесілі – бұдан шығатыны Қазақстанның инвестициялық климаты өте қолайлы болып отыр.

Салыстырмалы түрде, “азиялық жолбарыстарының” өзінің дамуы кезінде ЖІӨ-ге қатысты 25% жинақ ақшаларының нормасы болған, ал Қытайда – 30%.

Инвестициялық климаттың құрамдас бөлігі – экономиканың ашықтығы.

Шетелдік инвестициялармен байланысты мәселелерді шешуде Қазақстанғақоғамдық ұйымдар да, қатардағы азаматтар да жұмылдырылуы қажет. Кеңестік дәуірден бастап адамдар санасына “мемлекеттік” борыш түсінігі қатаң түрде  “құйылып келді”. Бірақ борыштарды, бәрімізге мәлім, үкімет жасайды, ендеше неге қатардағы азамат ол үшін есеп беруі қажет? Онымен ешкім кеңескен емес, шетелдік инвестициялардың қандай мақсатта және қай бағытқа пайдаланғандығы жөнінде ойына да кіріп шықпаған, олай болса неге қатардағы азаматқа мемлекеттік борышты жүктеп қояды.

Экономиканың “ашықтығы” мен “жабықтығының” негізгі алғы шарты – бұл сыртқы экономикалық факторлардың ықпалымен ұлттық шаруашылықты мемлекеттік реттеу процесіне әсер ететін шектеулердің болуы. Экономикалық көзқарастар тұйық топтармен жеке-дара иемделген қоғам жабық деп саналады.

Қолайлы инвестициялық климат қалыптастыруда салықтық режим шешуші роль атқарады. Шетелдік инвесторлар үшін Қазақстанда бірқатар маңызды жеңілдіктер қарастырылған, атап айтқанда, шығындарды ауыстыру мерзімі 7 жылға дейін ұзартылған, салықтық саясаттың жиі өзгеруіне қарамастан, олар инвестицияны жүзеге асыру сәтінен бастап 10 жыл ішінде заңдардағы өзгерістерден кепілдендірілген.

Қазақстан, кез келген басқа ұлттық экономика сияқты жаңа технологиялық және экономикалық әзірлемелерді қолданбай және инвестициялар легінің қазіргі геоэкономикалық кеңістігінде айқын бағдарсыз өмір сүре алмайды. ҚР Үкіметі ХВҚ тарапының (соңғысы тіпті республикаға инвестицияларды тоқтатумен қорқытқан болатын) кейіс білдіргеніне қарамастан, республика үшін басым болып табылатын салаларға ақшаларын салған инвесторларға тағы бірқатар жеңілдіктер мен артықшылықтар беріп отыр.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 8 мамырында № 436 Қаулысымен бекітілген:

Инвестициялық салықтық жеңілдіктер өкілетті органмен берілетін инвестициялардың ең жоғарғы көлемі және инвестициялық салықтық жеңілдіктердің қызмет ету мерзімі.

1. Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес, инвестициялық салықтық жеңілдіктер корпоративтік табыс салығы, мүлік салығы және жер салығы бойынша, инвестициялық жобаларды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларына беріледі.

2. Корпоративтік салықтық жеңілдіктер салық төлеушіге жеңілдіктердің қызмет ету мерзіміне байланысты  пайдалануға берілген бекітілген активтердің құнын тең үлестермен  жылдық жиынтық табыстан алып тастауға құқық береді. Мүлік салығы мен жер салығына берілген жеңілдіктер салық төлеушінің инвестициялық жоба аясында қайтадан пайдалануға берілген бекітілген активтер бойынша мүлікке салынатын салықтан босатуды және инвестициялық жобаны іске асыру үшін сатып алынған және пайдаланылатын жер учаскелері бойынша жер салығынан босатылуын білдіреді.

3. Инвестициялық салықтық жеңілдіктерді қолданудың бастамасы болып мына мерзімдер саналады:

келісім жасаған сәттегі шаруашылық қызметті жүзеге асыратын салық төлеушілермен бекітілген активтерді енгізу жылынан кейін келетін жылдың 1 қаңтарынан бастап;

салық төлеушілермен қайта тіркелген бекітілген активтерді пайдалануға беру сәтінен бастап.

4. Корпоративтік табыс салығы бойынша инвестициялық салықтық жеңілдіктердің қызмет ету мерзімі Келісімде 5 тармаққа сәйкес, инвестициялық жобаны жүзеге асырушы заңды тұлғаның келісімі бойынша белгіленеді.

 

              Негізгі капиталға инвестициялар /29/.

Негізгі капиталға инвестициялар, млрд.теңге

Қазақстан Республикасының аймақтары

2000 *)

2001*)

2002

2003

2004**)

Ақмола

1

1

3

12

12

Ақтөбе

16

21

41

62

62

Алматы

9

9

10

17

26

Атырау

46

68

119

232

244

Шығыс Қазақстан

16

21

38

39

35

Қарағанды

2

2

3

5

10

Қостанай

18

59

131

167

194

Қызылорда

21

23

33

55

62

Маңғыстау

14

7

10

17

20

Солтүстік Қазақстан

7

14

10

16

30

Павлодар

16

11

37

57

48

Оңтүстік Қазақстан

15

18

25

27

22

Батыс Қазақстан

6

4

7

6

8

Жамбыл

7

4

16

26

22

Астана қаласы

39

43

59

90

110

Алматы қаласы

22

28

54

115

131

 

*) Аз кәсіпорындарды есептемегенде

**) Жедел деректер

 

Негізгі капиталға инвестициялар, млрд.теңге  /29/

Экономика салалары

2000 *

2001*

2002

2003

2004**

Жалпы өнеркәсіп

156

216

386

551

579

Тау-кен өнеркәсібі

93

155

297

418

452

Өңдеу өнеркәсібі

43

42

72

105

101

Электр энергиясын, газ және суды өндіру және бөлу

20

19

17

28

26

Көлік және байланыс

26

26

57

105

104

Құрылыс

16

13

21

41

43

Экономиканың басқа салалары

54

76

124

234

316

Информация о работе Инвестиция