Инвестиция

Автор: Пользователь скрыл имя, 26 Февраля 2012 в 18:59, курсовая работа

Краткое описание

Дипломдық жұмыстың басты мақсаты – инвестициялық процестерді қаржыландыру көздерін іздеу және инвестициялық нарықтың тиімділігін арттыру мәселесін шешу. Осыған байланысты келесідей міндеттер қойылады: инвестициялық нарықтың дамуының теориялық аспектілерін ашу; тікелей шетелдік инвестициялардың артықшылықтарын сипаттау; Қазақстан Республикасының қазіргі инвестициялық нарығын талдау; мемлекеттегі инвестициялық климат мәселелерін шешудің перспективалық жолдарын ұсыну.
Дипломдық жұмысымда осы міндеттерді табысты шешу үшін жекелеген инвестициялық жобалар қарастырылады.

Оглавление

Кіріспе 3
1б Инвестициялар: теориялық бейнелеу және инвестиция
тартудың әлемдік тәжірибесі
1.1 Инвестиция экономикалық категория ретінде 6
1.2 Инвестициялар: мәні, құрылымы, жіктелуі 9
1.3 Шетелдік капитал тартудың әлемдік тәжірибесі және оны 20
Қазақстан Республикасында пайдалану
2 бөлім. Қазақстан Республикасына шетел инвестицияларын
тарту және оны пайдалануды талдау
2.1 Қазақстан Республикасында шетел инвестицияларының
қазіргі кездегі жағдайы 26
2.2 “ТеңізШеврОйл” БК ЖШС мысалы негізінде шетел
инвестицияларын пайдаланудың тиімділігі 40
2.3 Мұнай өндірісіндегі инвестициялар көрсеткіштерінің
экономикалық-статистикалық даму моделі 55
3 бөлім. Қазақстан экономикасына инвестицияларды
тарту жолдары мен өзекті мәселелері
3.1 Қазақстан Республикасы экономикасына шетел
инвестицияларын тартудың өзекті мәселелері 62
3.2 Қазақстан Республикасы экономикасына инвестициялар
тарту механизмін жетілдіру жолдары 68
Қорытынды 74
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 78

Файлы: 1 файл

Инвестициялар.doc

— 466.00 Кб (Скачать)

              Субъектілердің тиімді экономикалық іс-әрекетін экономикалық келісімділік, нарықтық көбіне шешім қабылдау арқылы бірігу элемент ретінде қарастыру керек.

              “Нарықтық шаруашылық тактикасы да осында – деп жазады Л.Ерхард, сұраныс пен ұсыныс, ұлттық өнім мен ұлттық табыстың дұрыс ара қатысына, сонымен бірге тепе-теңдікке әкелетін бейімделу процесі нарықтық шаруашылықта күн сайын және ай сайын жүзеге асырылады”.

              Инвестиция салымының құйылуын шектейтін объективті және субъективті себептер бар.

              Объективтіге елдің географиялық жағдайы, оның сыртқы дәстүрлі әлемдік нарықтан қашықтығы, теңізге шығу жолының жоқтығы, бұл жүк тасуда көп шығындарды тудырады, қытымыр климаттық жағдайлар, шет елдермен коммуникациялық және көлік байланыс жүйесінің жеткілікті дамымауы, ақпаратпен әлсіз қамтамасыз етілуі, жеткілікті дамымаған нарықтық ойлау жатады.

              Субъективті себепке, біріншіден, нарықтық қалыптасудың қызмет етуінің негізгі шарттарының бірі – оның адекватты құқықтық қамтамасыз етілуін жатқызуға болады. Республикадағы көптеген нарықтық заңдар мен нормативті актілер қабылданған, бірақ олар тек жекелеген мезеттерге, экономикалық организмнің жекелеген жақтарына қатысты, бір-біріне жиі сәйкес келе бермейді және бір-біріне қарама-қайшы, бұл қарама-қайшы ойға, нәтижеге әкеп соқтырады.

 

1.2  Инвестициялар: мәні, құрылымы, жіктелуі

 

              Инвестиция – Қазақстан экономикасы үшін жаңа түсінік. Орталықтандырылған жоспарлы шаруашылық кезеңінде “жалпы капитал” түсінігі жиі қолданылды. Ол – негізгі қорларды ұдайы өндірумен байланысты барлық шығындар, соның ішінде оларды күрделі жөндеуге кеткен шығындар да бар.

              Қазақстанда, басқа елдердің көбінде шаруашылық етудің нарықтық формасына көшумен бірге өте кең түсінік – инвестицияны қолдана бастады.

              “Инвестиция” түсінігінің мәнін ашпас бұрын, инвестицияның қазақстанда қолданылатын бірқатар анықтамаларына тоқтала кеткен жөн:

1.         Инвестиция – пайда (табыс) алу және жағымды әлеуметтік тиімділікке қол жеткізу кәсіпкерлік қызметке және қызметтің басқа түрлеріне салынатын ақша қаражаттары, мақсатты банк салымдары, пайлар, акциялар және басқа да құнды қағаздар; технологиялар, машиналар, жабдықтар; лицензиялар, оның ішінде тауарлық белгілерге берілетін лицензиялар; несиелер, кез келген мүліктер немесе мүлікке берілетін құқықтар.

2.         Инвестиция – халық шаруашылығының әртүрлі салаларының кәсіпорындарына (ел ішінде немесе шетелде) ұзақ мерзімді капитал салу.

3.         Инвестиция – пайда алу мақсатында ел ішіндегі, сондай-ақ шет елдердегі халық шаруашылығының әртүрлі салаларына мемлекеттік немесе жалпы капиталды ұзақ мерзімді қаржылық салу.

4.         Инвестиция – пайда алу немесе әлеуметтік және экономикалық тиімділікке қол жеткізу мақсатында өндірістік, коммерциялық, әлеуметтік-ғылыми, мәдени және тағы да басқа салалардың әртүрлі бағдарламалары мен жобаларын іске асыруға салынатын барлық ақшалай, мүліктік және интеллектуалдық құндылықтардың жиынтығы.

5.         Инвестиция – пайда алу мақсатында шетелдік экономиканың немесе ұлттық экономиканың (ішкі инвестиция) әртүрлі салаларына мүліктік және интеллектуалдық құндылықтарды, жеке немесе мемлекеттік капиталды ұзақ мерзімді салу.

6.         Инвестиция – халық шаруашылығының барлық салаларының қорларын ұдайы өндіруді кеңейтуге бағытталған материалдық еңбек және ақша ресурстар шығындарының жиынтығы.

7.         Инвестиция – жағымды әлеуметтік немесе экономикалық тиімділікке қол жеткізу, экономикалық тиімділікті (пайда) алу мақсатында кәсіпкерлік қызметтің және басқа қызмет түрлерінің объектілеріне салынатын ақша қаражаттары, мақсатты банк салымдары, пайлар, акциялар, басқа да құнда қағаздар, технологиялар, машиналар, жабдықтар, лицензиялар, ноу-хау, кез келген мүліктер немесе мүліктік құқықтар, интеллектуалды құндылықтар.

8.         Инвестиция (капитал салымы) – қандай да бір заңды дербес кәсіпорынға ұзақ мерзімді капитал салымы формасында іске асырылатын шығындар жиынтығы.

9.         Инвестиция – пайда алу мақсатында экономиканың әртүрлі салаларына ұзақ мерзімді қаражат салу.

Осылардың ішінде ең толық анықтама ресми заң актілерінде келтірілетін бірінші анықтама болып табылады.

“Инвестициялау” түсінігінің әртүрлі баспаларда “инвестицияға” қарағанда өте кеңінен қарастырылған. Кейде “инвестициялау” түсінігін “инвестициялық қызмет” түсінігімен ауыстырады. “Инвестициялау” сөзінің кейбір түсініктемелерін келтірейік:

1.      Инвестициялау – инвестицияны іске асыру бойынша мемлекеттік заңды тұлғаның және азаматтық тәжірибелік іс-әрекеттер жиынтығы.

2.      Инвестициялық қызмет дегеніміз – инвестицияны іске асыру бойынша заңды және жеке тұлғалардың тәжірибелік іс-әрекеттер жиынтығы. Инвестициялық қызмет объектілері халық шаруашылығының барлық салаларындағы қайтадан құрылып жатқан негізгі қорлар, айналым құралдары, құнды қағаздар (облигациялар, акциялар және т.б.), ғылыми-техникалық өнім, мүліктік құқықтар, интеллектуалды меншікке құқық бола алады.

3.      Инвестициялау – қандай да бір кәсіпорынға, іске капитал салу.

4.      Инвестициялық қызмет – инвестицияны іске асыру бойынша тәжірибелік іс-әрекеттердің жиынтығы және инвестиция салу.

5.      Инвестициялық қызмет – инвестиция салу процесі, сонымен бірге инвестицияны іске асыру бойынша тәжірибелік іс-әрекеттердің жиынтығы. Бұл жердегі инвестиция салу процесі “инвестициялау” түсінігіне келеді (инвестициялық қызмет инвестиция нарығында іске асырылады, ал инвестиция нарығының өзіне негізгі қорларды ұдайы өндіруде капитал салу нарығы, жылжымайтын мүлік нарығы, құнды қағаздар нарығы, интеллектуалды меншік және құқықтық нарығы, инвестициялық жобалар нарығы кіреді).

              Инвестиция нарығын және инвестициялық тауар нарығын қарастырады. Бірінші нарықта инвестицияны тұтынушының қандай да бір сұранысын қанағаттандыру және инвесторлар жағынан ұсыныстарды қолдану нәтижесінде инвестиция алмасу болады. Тұтынушылар инвестицияларды пайдаланғаннан кейін белгілі бір пайда алу мақсатында инвестициялар сатып алады. Инвестициялау – Қазақстан экономикасының нарыққа көшуінің басты тетігі, басқа тетіктер мен формалары: ақшаны, қаржыны, бағаны және басқаларын пайдалану негізі. Инвестициялар – пайдалану кезінде қандай да бір пайдалы тиімділіктің белгілі бір деңгейіне жететін және пайда алуды қамтамасыз ететін мүліктік және интеллектуалды құндылықтардың көптеген түрін көрсетеді. Кейінгі жылдары ең маңызды деп әлеуметтік сипат тиімділігі танылады.

              Жердегі адамзаттың өмір сүруі мен дамуы адамдар өндірген қандай да бір өнімді тұтынумен байланысты. Адамзат дамуының кезеңі өндірістің қоғамдық процесін кеңінен қолданумен сипатталады. Өндіріс процесі ескірген формулалардан ауысуы, өндірістің жаңа тәсілдері мен формаларын пайдалану және кеңейту ретінде үздіксіз өзгеріп отырады.

              Шетелдік тәжірибедегі өндіріс тәсілдерін жетілдірудің соңғы бағыттары “жаңа технологияны игеру” деген кең түсінікке тірелді.

              Инвестициялық процестер – қоғамдық өндірістің маңызды элементі. Оның ұдайы өзгерісі маңызсыз. Бұл еңбек құралдарының табиғи тозу процесінде есептен шыққандарын ауыстыру ғана емес, өндіріс қуаттылығын ең жоғарғы сапалы деңгейге дейін көтеру, тұрғындардың қалыпты өмір сүруін қамтамасыз ету.

              “Инвестиция” термині Қазақстанда нарықтық реформалар басталғаннан кейін кеңінен тарала бастады. Бұл бұрын КСРО-да қолданылған “капитал салымы” түсінігіне қарағанда өте кең түсінік. Егер оларды капитал салымымен байланыстыратын болсақ, онда инвестициялар – жалпы капитал салымы. Оған шаруашылық субъектісінің айналым капиталының жылдық орташа шығындары қосылған, табыс алуды қамтамасыз ететін, меншік иелерінің лауазымымен байланысты салымдар, құнды қағаздарға салымдар деп айтуға болады.

              Нарық талаптары тұрғысынан инвестиция құрамына келесілерді кіргізуге болады: ақша қаражаттары және олардың эквиваленттері (мақсатты салымдар, айналым құралдары, ұйымның жарғылық капиталындағы үлестер мен пайлар, құнды қағаздар, несиелер, займдар және тағы басқалар); мүліктің (мүліктің, ғимараттың, үйдің, машинаның, жабдықтың, құралдың және тағы басқа) қалдық құны; жерді пайдалану құқығының құны; ақша эквиваленттері мен бағаланатын мүліктің  құқықтар (лицензиялар, патенттер, тауарлық белгілер, сертификаттар, еңбек құралдарының модельдеріне куәліктер).

              Қазақстан Республикасы құқықтық актілер шегінде (ҚР заңдары, ҚР Президентінің жарлықтары, ҚР Үкіметінің қаулылары) инвестициялық қызметті субъектілер мен объектілерге бөлінуі тұрғысынан қарастыру керек.

              Инвестициялық қызмет субъектілері: инвесторлар, орындаушылар (мердігерлер), тапсырыс берушілер, тек инвестициялық қызмет объектілерін пайдаланушылар, тауарлық-материалдық құндылықтармен, жабдықтар және жобалық құжаттармен жабдықтаушылар, қаржылық, банктік, сақтандыру және делдалдық қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғалар, ел азаматтары, шетелдік заңды және жеке тұлғалар, халықаралық ұйымдар.

              Инвестициялық қызмет объектілерінің (салаларының) қатарына жататындар: ақшалай салымдар, құнды қағаздар; интеллектуалдық меншіктің мүліктік құқығы; ғылыми-техникалық өнім және меншіктің басқа да объектілері; пайдалануға және еңбек құралдарын енгізбей-ақ өнімнің жаңа түрін өндіру; тұрғызылып жатқан және қайтадан құралып жатқан объектілердің, үйлер мен ғимараттардың кешені, жаңа заңды тұлға болып қайта құрылып жатқан ұйымның мүліктік бөлігі.

              Инвестициялау инвестицияны пайдаланатын белгілі бір салада жүзеге асырылады. Бұл салаға мыналар кіреді:

              -интеллектуалды потенциал және ғылыми-техникалық өнім іске асырылатын қызметтің инновациялық саласы; негізгі және айналым қорларына инвестиция салу жүзеге асырылатын құрылыс саласы – бұл тапсырыс берушілердің (инвесторлар ретінде) мердігерлердің жобалық – сметалық құжаттарды өндіретін ұйымдардың, жабдықтар мен жабдықтаушылардың және қызметтің осы саласының басқа да қатысушыларының жұмысы бірігетін ең кең көлемдегі сала; қаржылық капитал айналысының саласы; инвестициялық қызмет субъектілерінің иегерлік құқықтарын іске асыру саласы. Инвестициялық қызмет қатысушыларының функциялары аса кең көлемді қамтиды және қызметтің жекелеген тәсілдері мен бағыттары бойынша ерекшеліктерге ие. Инвесторлар, мысалы тапсырыс беруші, несие беруші, сатып алушы бола алады. Тапсырыс беруші, егер инвестор болып табылмаса, инвестициялық процесс қатысушыларының арасындағы келісімде анықталған шарттарда, белгілі бір кезеңде инвестицияны иемдену, пайдалану және басқару құқығына ие болады. Инвестициялау объектілерін пайдаланушылар әдетте заңды және жеке тұлғалар, мемлекеттік және жергілікті органдар, халықаралық ұйымдар болады.

              Егер инвестициялық қызмет объектісін пайдаланушы инвестор болып табылса, оның қызметке басқа қатысушылармен өзара қарым-қатынасы тиісті келісімдермен реттеледі.

              Қазақстан Республикасындағы қазіргі заңдарға сәйкес инвесторлар инвестициялау көлемі мен бағыттарын өздері анықтайды.

              Инвестициялық қызмет объектілері:

              Инвестицияны иелену ауқымы бойынша: жаһандық, ірі ауқымды, аймақтық, жергілікті; бағыттылығы бойынша: коммерциялық, әлеуметтік; халықаралық мүдделер бойынша: инвестициялық цикл мәні мен сипатына қарай: елдердің қатысу сипаты мен деңгейіне қарай; салынған қаражаттарды қолдану тиімділігі бойынша бөлінеді.

              Шаруашылық етудің нарықтық жағдайында инвестиция дегеніміз – бұл келесі формаларда болуы мүмкін тауар:

              - материалды-заттай: еңбек капиталы, құнды қағаздар және міндеттемелер;

              - ақшалай және табиғи формада: негізгі және айналым капиталы, ғылыми-техникалық өнім, мүліктік құқықтар;

              - тек ақшалай формада: ақшалар, салымдар, пайлар.

              Дамыған нарықтық экономикалы елдерде инвестициялық тауар нарығын қолдану арқылы қызметтің бір саласынан екінші саласына капиталды үздіксіз құю жүзеге асырылады. Инвестициялық тауарлар:

              - жылжитын және жылжымайтын мүлік түріндегі еңбек капитал элементтеріне ие;

              - қаржылық активтер түріндегі қаржылық капитал элементтеріне бөлінеді.

              Қаржылық активтер еңбек капиталы қозғалысының құнын ортақтандырып, капиталдың табыстылығы мол қызметке құйылуына себепкер болады.

              Инвестиция айналымының ерекше формасы оларды иелену саласына капиталды құрылыс қосылған кезде байқалады. Бұл жағдайда құрылыс саласында инвестордың тапсырыс беруші роліне байланысты қаражат айналымының екі формасы болуы мүмкін:

              - тапсырыс беруші (инвестор) өзіне қажетті объектілерді шаруашылық тәсілдерімен өзі айналыса алады.

              - инвестор тек құрылыс өнімдеріне тек тапсырыс беруші ролінде бола алады, ал объектілердің құрылысын мердігерлік ұйымдар жүзеге асырады. Қазіргі кезде қызметтің бұл формасы “Қазақстан Республикасындағы инвестициялық қазмет туралы” Заңмен реттеледі. Заңда инвестициялық қызмет қатысушыларының өзара қатынасы жазылған.

              Қазіргі таңда қызметтің барлық саласында ғылыми-техникалық прогресс ролінің өсуіне және бәсекелестіктің дамуына байланысты иннвоацияға салым зор мәнге ие болып отыр. Маңыздылығы бұдан кем емес инвестициялық бағыты қаржылық активтерге салым болып табылады. Тауарлы-материалдық формадағы инвестициялық тауарларды акция, облигация және басқа да құнды қағаздар түріндегі кейбір қаржылық активтерді ауыстыра бастады.

Информация о работе Инвестиция