Интерактивті оқыту әдісін, жаңа оқыту технологияларын қолданудың тиімділігі

Автор: Пользователь скрыл имя, 06 Ноября 2012 в 09:01, реферат

Краткое описание

Әдістемелік құралымыздың мақсаты:

- “Білім” заңына сәйкес басым бағыттар мен міндеттерді жүзеге асыру үшін білім мазмұнын жақсарту;
- Оқытудың жаңа педагогикалық технологиясын жан-жақты меңгеру арқылы оқушының жеке тұлға ретінде дамуын қамтамасыз ету.
Міндеті:

Файлы: 1 файл

ТЕХНО ЖАНАДокумент Microsoft Word.docx

— 71.21 Кб (Скачать)

 Бағалау (сын, пайымдау) Жаңа ұғым, жаңа материалдың құндылығын, керектігін анықтау Бағалайды, талқылайды, өз талабын айтады

 

“Үшөлшемді әдістемелік  жүйе” педагогикалық технологиясы – нәтижеге бағытталған білім беру құралы

 Деңгейге бөліп оқытудың тиімділігі: біріншіден, оқушының психологиялық танымы,екіншіден, теориялық дайындығы есепке алынуы тиіс. Деңгейлік тапсырмалар арқылы мұғалім оқушының нені меңгергенін, нені меңгермегенін біледі. Соның нәтижесінде оқушыда намыс оты оянады, басқалардан қалып қалмауға тырысады. Бұл технология біріншіден, дамыта оқыту идеясын жүзеге асыруға көмектеседі, өйткені ол оқушының ойлау қабілетін, ынтасын, белсенділігін көтереді. Әр оқушының оқушылық деңгейде білім алуына мүмкіндік береді. “Үш өлшемді әдістемелік жүйе” педагогикалық технологиясы оқушының да, мұғалімнің де белсенді шығармашылық қызметін дамытуға бағытталған.

 Ж.А.Қараев

 Мектептегі педагогикалық  құрылымының негізгі құндылығы  оқушы десек, оған жеке тұлға  ретінде қарау –міндетіміз.

 Деңгейлік тапсырмалар  беру арқылы балалардың тілін  дамытып, сөздік қорын молайтуға мүмкіндік бар. Деңгейлік оқытудың ерекшелігі: оқыушылардың сабақ үстінде бірнеше деңгейде жұмыс жүргізе алатындығында.

 Ж.У.Кобдикова

 

Сабақтың құрылымы

 Тақырыпты оқып үйренудің  үш кезеңдік алгоритмі

 І кезең

(5-7 минут) ІІ кезең

(20-25 минут) ІІІ кезең

(сабақтың қалған12-15 минуты  және үйдегі үй жұмысына бөлінген уақыт)

 Сабақты ұйымдастыру;

 Үй жұмысын тексеру; (өткен тақырып бойынша деңгейлік  тапсырмаларды аяқтау дәрежесін  тексеру)

 Жаңа тақырыпты меңгеруге  дайындық ретінде өткенді пысықтау 5-7 минут көлемінде оқушылардың  жаңа тақырыпты өз бетінше  меңгеруін ұйымдастыру; (оқытудың проблемалық әдістері бойынша)

 Жұмыс нәтижесін мұғаліммен  бірігіп талқылау;

 Жаңа тақырып бойынша алынған теориялық білімді практика жүзінде пысықтау. Деңгейлік тапсырмаларды орындау (12 минут)

 Соңғы 3 минутта сыныпта  орындалған деңгейлік тапсырмалардың  ұпайы саналады

 Маслоу парадигмасы

 

ЧАРЛЗ ДЕМНІҢ ПАРАДИГМАСЫ

 

Оқыту әдiстемесi мен оқыту технологиясын салыстырмалы талдау

 Салыстыру өлшемі Оқыту әдістемесіне тән белгілер Оқыту технологиясына тән белгілер

 Мақсаттылық Оқушылардың ақырғы мақсатты жете түсінбеуі Оқушылардың ақырғы мақсатты жете ұғынуы

 Тұжырымдамалылық Мұғалімнің  теорияны субъективті түсіндіруі  Ғылыми негізделген теорияға сүйену

 Жүйелілік Жүйелілік міндетті емес Оқытудың мақсаттарын, мазмұнын, әдістемесін, амалын жоғары деңгейде жүйелі пайдалануы мен жобалауы

 Диагностикалық Мұғалім қоятын талап деңгейіне байланысты Ғылыми объективті көлемдермен негіздеу

 Оқыту сапасына кепілдік  Мұғалімнің кәсіптік шеберлігіне  байланысты Тұрақты жоғары

 Жаңашылдық Көбіне  тактикалық (әдістемелік) сипатта  болады Стратегиялық (іс-әре-кеттік) сипатта болады

 

«Педагогикалық шеберханалар технологиясы»

 Шеберхана – оқыту  процесін ұйымдастырудың өзгеше  бір түрі (формасы).

 Бұл оқу процесінің  өзгені түрі, Француз ғалымдары (психологтар, педагогтар, философтар) ұсынған. Оның негізін құраушылар: П.Ланжевский, Анри Валлон, Жан Пиаже және т.б.

 Негізгі идеясы белгілі  педагог Я.Каменский идеясы мен  жақын, яғни «пәлсәнәні» тарату адамзатты дамытып жетілдіруі де, соғыс өртін жояды – дейді. Қоғамды дамытуға, тек білім беруді терең түбірімен өзгерту арқылы ғана жетуге болады деп есептейді.

 Педагогикалық шеберханаларды  ұйымдастыру қағидалары:

- Мастер барлықтары үшін  ашық, еркін шығарамшылық қарым-қатынас атмосферасын тудырады.

- Тақырыпты меңгеруде  оқушының жке қызығушылығын оятып,  оның сезімдеріне назар аударады.

- Мастер өзгелермен бірдей  жұмыс істейді.

- Жауап беруге асықпайды.

- Қажет ақпараттарды шағын  дозамен беріп отырады.

- Бала еңбегін бағалауда  әдеттегі бағалау қабілеттерін  дамыту үшін еңбектерін ашық  көрсету әдісін пайдаланады (оқушыны  өзін-өзі түзетуге, өзгертуге мүмкіндік алады).

 Технологияның алғы  шарттары:

- Баланың білімді өз тәжірибесімен ұштастыра отырып алу, яғни білімді оның генезисі мен құрылымын зерттеу арқылы өздігінен ашып жетуі.

- Мастер басқаруымен және  ұйымдастыруымен белгілі бір қағидаларға сүйеніп отырып, барлықтарының да өз білімін өздері бірлескен әрекет нәтижесінде құра алатындығына иландыру (сендіру)

- Педагогикалық шеберхана  ерекшелігі: ұстаз әңгімелеуші, баланың  мүмкіндіктерін, қабілеттерін көріп, бағалай білуге жетекттеуші, нұсқаушы роліне көшеді. Бала өзінің біліміне негіздей отырып жаңа дүниені ашуға жетеді. Өзінің «Я» сезіміне жетеді.

 Шеберханада жұмыс  істеу кезеңдері:

- «Индукция» (ой қозғау)

- Жинақтау (самоконструкция)

- Топта талдау (социоконструкция)

- Әлеуметтендіру (Социализация)

- Жария ету (Адаптирования)

- Презентация дайындау

- «Ескі мен жаңа байланысы» (разрыв)

- РефлекцияИнновациялық үрдістерді оқу үрдісіне енгізу

Опубликовал Алимова Балдырған  в 12 Апрель 2012 – 10:55Пікір жоқ

Бұл мақала 1186 рет оқылды, 7 рет бүгін

Инновациялық үрдістерді оқу үрдісіне енгізу

Алимова Балдырған. Қарағанды  облысы, Жезқазған қаласы, Қ.Ш.Шыңғысов атындағы №5 орта мектебінің информатика  пәнінің мұғалімі.

 

Соңғы жылдары ғылым саласында  жаңа мектеп құруда, мектептің даму үрдісін зерделеуде білімнің жаңа бағыты ретінде педагогикалық инновация  дамып келеді. «Педагогикалық инновация» жаңа ұғым болғандықтан, осы теорияға тоқталып, теориялық және тәжірибелік  мәселелеріне талдау жасауды жөн  көріп отырмын.

 

«Инновация» деген сөз  – латынның «novus» жаңалық және «in» енгізу деген сөзінен шыққан, ал оның қазақша аудармасы «жаңалық, жаңару, өзгеру» деген мағынаны білдіреді.

 

Т.И. Шамова, П.И.Третьякованың  еңбегінде «Инновация дегеніміз  – жаңа мазмұнды ұйымдастыру, ал жаңалық  енгізу дегеніміз – тек қана жаңалық  енгізу, ұйымдастыру, яғни инновация  үрдісі мазмұнды дамытуды, жаңаны ұйымдастыруды, қалыптастыруды анықтайды, ал «жаңаша» деп жаңаның мазмұны, оны енгізудің әдіс – тәсіл мен технологиясын қамтитын құбылысты түсінеміз» делінген. Энциклопедиялық сөздіктерде «инновация» әр түрлі анықталады. Зерттеушілердің айтуынша: «инновация» – педагогикалық категорияларға жатады және ол мектептегі құбылысқа тың жаңалық: жаңа бағдарламаны, оқу жоспарын, әдіс – тәсілдерді оқу және тәрбие жұмыстарына енгізу болып табылады.

 

Н.Нұрмағанбетов «Инновация»  білімінің мазмұнында, әдістемеде, технологияда оқу – тәрбие жұмыстарының түрлерінде, тәсілдерінде, оқу –  тәрбие жұмысын ұйымдастыруда, мектеп жүйесін басқаруда көрініс табады дейді.

 

Инновациялық оқу үрдісін  мектептің оқу процесіне енгізу мәселесі үлкен мәселе болып табылады. Мектептегі оқу – тәрбие жұмысын басқарудың нысаны болып табылады. Дамымалы мектептерде басқарудың негізі, пәні ретінде оның мақсаты, мазмұны, әдістер мен түрлері алынады.

 

Кез келген инновациялық үрдістің нысаны – оқушы. Инновациялық үрдістің мақсаты – әрбір оқушының іскерлігі мен мүмкіндігін дамытуға жағдай жасау. Оқуға қызықтырудың басты элементтерінің бірі – нәтижеге жетуге ынталандыру.

 

Жеке тұлғаның өзін- өзі дамыту технологиясында оқу пәндері әдістемелері мен білім беру технологияларын жоспарлау жүйесі қолданылады.

 

Пәндердің әдістемесін қолдануды жоспарлау мынаған келіп тіреледі. Әр оқушының өз кезеңі барысында мұғалім оған қажетті әрбір жаңа педагогикалық технологиялар мен әдістемелерді міндетті түрде пайдалануы қажет. Бұл үшін мұғалім мына төмендегі түсініктерді ескергені жөн:

 

    * Қатарлас отыратын  екі сыныптағы оқушылардың жас  ерекшеліктері мен білім деңгейлерін ескерту;

    * әдістеме мен  технологияның сабақтастығы;

    * оқушының өз  бетінше іс – әрекет жасау  тәсілдерін меңгеруіне мұғалім тарапынан көмек беруді біртіндеп азайту;

    * сынып топтарының  ерекшеліктерін ескерту;

    * мұғалімдердің ықыласы мен шеберлік деңгейінің болуы, т.б.

 

Мектептің оқу үрдісіне инновациялық үрдісті енгізуде мектеп басшысының бірінші мақсаты – мұғалімнің инновацияға  қатынасын және жаңа пікірлерді сауалдамалар арқылы жинақтау, құрастыру. Тәжірибеге қарағанда оң нәтижелер мұғалімдерді жаңашылдыққа баулиды, дұрыс көзқарас қалыптастырады. Оған мысал: оқушылардың олимпиадағы жетістіктері, мектеп ұжымының түрлі сайыстардан жүлдегер атануы және т.б.

 

Мұнымен қатар жаңаруға көзқарас мұғалімінің жеке бас ерекшеліктеріне  де байланысты болады, әсіресе жеке тұлғаның жүйке жүйесі жұмысының: үрейлену, белсенділік, білімдарлығы, өзін- өзі баға беру дәрежесі және т.б. түрлеріне тікелей байланысты. Инновациялық үрдісті ұйымдастырушының басты міндеттерінің бірі адамдарды 3 және 4 топтан 1 және 2 – топқа торту болып табылады. Сондықтан жаңалық енгізуде жариялылық пен нұсқау беру басты орын алады. Әрбір мұғалім бұл үрдісте өз орнын білуі керке. Егер мұғалім өзі атқаратын міндетін жетік білсе, онда оның санасында өзін- өзі басқару, жаңа іске бет бұру, өзіндік белсенділігі мен өзіндік дамуы пайда болады. Жаңаны басқару үшін бағыт беру мәселе болып табылады. Оған алға қойылған мақсатқа жету, талдау, жоспарланған адым, педагогикалық технология, жаңаны басқару, тәжірибелік бақылау, яғни басқарудың барлық элементтері кіреді.

 

Кез келген инновациялық үрдістің көзделген мақсатқа апару – апармауы жорамал түрінде болатындығын ескерсек, осы бағытта кездесетін көптеген қиындықтардың барлығы сөзсіз, бірақ  оны алдын –ала анықтау мүмкін емес.Жоба деңгейінде көптеген қателіктер мен ескермеушіліктің алдын алу үшін тәжірибеден өткен инновациялық жоспарды жан- жақты талдап, соның негізінде қорытынды бағдарлама жасаған дұрыс. Бұл бағдарламаны зерттеуші жасауды да, ол ғылыми- әдістемелік кеңесте талдаудан, сыннан өткізіледі. Жаңалық енгізудің жоспарын сыннан өткізуде төмендегі көрсеткіштердің ескерілуін қатты қадағалау қажет.

 

-         жоспар мазмұнының біртектілігі;

-         оның бөлімдері мен тараулардың құрылымдық байланысы;

-         оның бір жүйелілігі, қисындылығы, құрылымдылығы;

-         қателігі, жетіспеушілігі;

-         бағдарламаға қосымшалар мен ұсыныстар енгізу;

-         сындық қорытынды (жүргізуге,  қабылдауға немесе ескертпелер негізінде толықтыруға ұсынылады)

 

Инновациялық үрдісті енгізуде мұғалімдердің өз жұмысына жауапкершілікпен қарауы үлкен роль атқарады. Сондықтан болашақ ұрпақ үшін білім беру мен тәрбиелеудегі тиімді ізденістер және әр елдің озық тәжірибелерін жүзеге асырып, әлемдік педагогиканың озық үлгілерін жаңашылдықпен дамыту әр ұстаздың міндеті екені сөзсіз.

 

 

 

 

Модульдік технология

01.12.2010, 06:17

Модульдік технология

Модульдік оқыту технологиясы

Қазіргі уақытта Қазақстанда  білім беру дің өзіндік ұлттық үлгісі қалыптастасуда. Бұл сының  процесс білім парадигмасының өзгеруімен қатар жүреді . Білім берудегі ескі мазмұнның орнына жаңасы келуде. Я.А.Каменскийдің, И.Гербарттың дәстүрлі объект –субъектілері  педагогикасының орнын басқасы  басты, ол бала оқу қызметінің субъектісі ретінде , өзін өзі өзектілендірудге, өзін танығуға және өзін-өзі жүзеге асыруға ұмтылатын жазушы тұлға  ретінде бағытталған . Мұндай жағдайда педагогикалық процестің манызды  құрамы оқу ісіндегі субъектілер-оқытушы  мен оқушының тұлғалық –бағытталған өзара әрекеті болып табылады.

Жаңа білім парадигмасы  бірінші орынға баланың білімін , білігі мен дағдысын емес , оның тұлғасын, білім алу арқылы, дамуын қойып  отыр.

Қазіргі уақытта педагогика ғылымының бір ерекшілігі- баланың  тұлғалық дамуына бағытталған жаңа оқыту технологияларын шығаруға ұмтылуы.

«Педагогикалық технологиялар  – бұл білімнің басымды мақсаттарымен  біріктірілген пәндер мен әдістемелердің : оқу –тәрбие процессін ұйымдастырудың өзара ортақ тұжырымдамамен байланысқан  міндеттерінің , мазмұнынң, формалары  мен әдістерінің күрделі және ашық жүйелері ,мұнда әр позиция  басқаларына әсер етіп , ақыр аяғында  оқушының дамуына жағымды жағдайлар  жиынтығын құрайды»

Бүгінгі таңда П.М.Эрдниевтің дидактикалық бірліктері шоғырландыру технологиясы , Д.Б.Эльконин мен В.В. Давыдовтың дамыта оқыту технологиясы , В.Ф.Шаталовтың оқу материалдарының  белгі және сызба үлгілері негізінде  қарқында оқыту технологиясы, М.Чошановтың проблемалық модульді оқыту технологиясы, П.И.Третьяковтың , К.Вазинаның модульды оқыту технологиясы, В.М.Монаховтың , В.П.Беспальконың және басқа көптеген ғалымдарың технологиялары кеңінен  танымал.

Қазақстанда Ж.А.Караевтің, Ә.Жүнісбектің  және т.б.ғалымдардың оқыту технологиялары белсенді түрде қолданылуда.

Қазақстан Республикасының  «Білім туралы» Заныңда оқыту  формасын, әдістерін , технологиялар  таңдауда көп нұсқулық қағидасы бекітілген , бұл білім мекемелерінің мұғалідеріне , педагогтарының өзіне оңтайлы нұсқаны  қолдануға , педагогикалық процесті кез келген үлгімен , тіпті авторлық үлгімен құруға мүмкіндік береді.

Модуль дегеніміз –қандайда  бір жүйенің ,ұйымның нықталатын, біршама дербес бөлігі.

Оқу модулі қайта жаңғыртушы оқу циклі ретінде үш құрылымды  бөліктен тұрады. Кіріспеден , сөлесу бөлмнен  тұрады: кіріспеден , сөйлесу бөлімінен  және қорытынды бөлімнен тұрады. Әр оқушы оқу модулінде сағат  саны әр түрлі болад. Бұл оқу бағдарламасы бойынша сол тақырыпқа, тақырыптар тобына немесе тарауға бөлінген сағат  санына байланысты.

Информация о работе Интерактивті оқыту әдісін, жаңа оқыту технологияларын қолданудың тиімділігі