Лекции по "Философии"

Автор: Пользователь скрыл имя, 04 Апреля 2013 в 21:04, курс лекций

Краткое описание

Философия мәнін түсіндірмелеудің негізгі типтері. Дүниеге қатынас және дүниетаным ұғымдары. Дүниетаным және дүниенің жалпы мәденилік суреті. Дүниетаным және фплософия. Философия пайда болуының тарихи-әлеуметтік детерминанттары. Мәдениет дүниесіндегі философияның қатынасы мен тағайыны. Философия адам құштарлығының әр түрлі төрт саласының - ғылым, поэзия, дін, логика - негіздемесі ретінде. Философия және мифология. Философия және дін. Философия және өнер. Философия және ғылым. Философия және саясат.

Файлы: 1 файл

Философия лек)).doc

— 977.50 Кб (Скачать)

Платон ірге философиялық еңбектердің авторы: «Сократ апологиясы», «Парменид», «Горгий», «Федон», «Мемлекет», «Заңдар» шығармаларының көпшілігі сұхбат түрінде жазылған.

Платон философиясының негізгі  қағадалары мынадай:

- материалдық заттар өзгермелі,  тұрақты емес, уақыт өткен сайын  құрдымға кетеді;

-  айналадағы қоршаған орта  да өзгермелі, уақытша, дербес  субстанция ретінде өмір сүре  алмайды;

- шын мәнінде тек таза идеялар  ғана бар;

- таза идеялар мәңгі және  тұрақты;

кез келген зат пен құбылыс сол  зат туралы алғашқы идеяның көрінісі, сұлбасы ғана;

Материалды әлем идеялар әлемінің бейнесі болғандықтан, таным процесіннің  негізгі объектісі таза идеялар  бола алады. Таза идеяларды сезімдер арқылы тануға болмайды, оларды тек  ақылдың көмегімен тануға болады.

Платон – бір тұтас, жүйелі философиялық ілім жасаған алғашқы грек философы. Оның құрамында әлем, адам, оның жаны және қоғам мен мемлекет туралы көзқарастар бар.

Платонның пікірінше, әлем үшқабаттан тұрады. Ең жоғарғы және негізгі  қабат – идеялар әлемі, екіншісі – адамдар тұратын материалдық әлем, ал үшіншісі түнек, яғни идеяның күйреуі.

Ойшыл құрметтеген негізгі идеялар  қатарына, этикалық сипаттағы Ақиқат, Игілік, Әдемілік және Әділеттілік  идеялары жатады.

Платон өз идеяларын екі немесе одан көп тыңдаушылар қатысатын  сұхбат түрінде баяндаған. Олардың біреуі әруақытта Сократ болған, Сократ авторлық идеяны жеткізуші, түсіндіруші.

Сұхбат ерекше көтеріңкі, поэтикалық түрде өрбіген. Қажет уақытында  автор философиялық сипаттағы мифтік шығармашылықты да кеңінен пайдаланған. Мәселен, Платон үңгір туралы мифте материалдық әлемдегі адам санасының кейпін бейнелейді. Өзіңіз көз алдыңызда елестетіңізші: бір үңгірде оның қабырғасын ғана көре алатындай етіп байланған тұтқын отыр. Үңгірге кіре берісте қолына шырақ ұстаған адамдар әрі бері қозғалып жүр, жанған оттар көрінеді. Тұтқын үңгірдің қабырғасынан не көре алады? Бұлыңғыр, ары бері қозғалып жүрген көлеңкені ғана көреді. Үңгірдің сыртында не болып жатқанын ол біле алмайды. Адам әлемде болып жатқан оқиғаларды білетін сияқты, ол шын мәнінде ол шындықтың көлеңкесін ғана біле алады, яғни идеяның жарық түсіруін ғана сезе алады.

Платон өз шығармашылығында мемлекет мәселесіне ерекше көңіл бөледі. Мемлекеттің  бірнеше түрлерін анықтайды:

Монархия – бір адамның әділетті билігі.

Тирания – бір адамның  әділетсіз билігі.

Аристократия – азшылықтың әділетті билігі.

Олигархия – азшылықтың әділетсіз билігі.

Демократия – көпшіліктің  әділетті билігі.

Тимократия – көпшіліктің  әділетсіз билігі.

Платон мемлекеттік  құрылымның өзіндік бағдарламасын  ұсынады. Бұл бағдарлама бойынша:

    • мемлекеттің барлық халқы үш сословиеге – философтар, әскерлер, жұмысшылар – бөлінеді;
    • жұмысшылар ауыр қара жұмыспен айналысып, материалдық игіліктерді жасайды, аз көлемде меншік иесі бола алады;
    • әскерлер ұдайы өзін - өзі шынықтырады, жетілдіреді, қоғамда тәртіп пен реттілікті қамтамасыз етіп отырады.
    • философтар әлемді таниды, мемлекетті басқаруды үйретеді, философиялық теориялар жасайды.

 Философтар мен  әскерлер жеке меншік иесі  бола алмайды.

- мемлекет тұрғындары бос уақыттарын  бірге өткізеді, бірге тамақ ішеді, бірге демалады.

Платон философиясының тарихи маңызы мынада:

    • бірінші рет философ іргелі философиялық туындыларды дүниеге келтіреді;
    • идеализм бағытына негіз болды;
    • бірінші рет тек табиғат қана емес, қоғам мен мемлекет мәселелері жан – жақты талқыланды;
    • ұғымдық ойлаудың негізі қаланды;
    • философиялық мектеп – Академия пайда болды.

Платон Академиясы –  Афина қаласының маңында 387 жылы құрылған діни – философиялық мектеп болды. Оның ең атақты шәкірттері:

    • Аристотель
    • Ксенокрит
    • Кратет
    • Аркесилай

Академия 529 жылы Византия императоры Юстинианның бұйрығымен жабылған.

3. Аристотель (б.з.д. 384-322) – классикалық дәуірдегі көрнекті  философ. Платонның шәкірті, Александр  Македанскийдің ұстазы.

Аристотельдің философиялық іс - әрекетінің дамуында үш маңызды  кезеңді бөліп көрсетуге болады.

    • б.з.д. 367-347 (30 жыл), 17 жасынан бастап Платон Академиясында жұмыс істеді.
    • б.з.д. 347-335 – Македонияның астанасы Пеледе тұрды, патша Филиптің өтініші бойынша Александр Македонскийді тәрбиеледі.
    • б.з.д. 335-322 - өзінің мектебі – Ликейді құрды, өмірінің соңына дейін сонда істеді.

Аристотельдің көрнекті еңбектері: «Органон», «Физика», «Механика», «Метафизика», «Жан туралы», «Никомах этикасы», «Риторика», «Политика», «Поэтика».

Ойшыл философияны үш бөлімге жіктеген:

    • теориялық, яғни алғашқы философия – болмысты, оның әртүрлі қабаттарын, әртүрлі құбылыстардың себебін зерттейді;
    • практикалық – адамның іс - әрекетін, мемлекеттің құрылымын қарастырады;
    • поэтикалық.

Сонымен қатар, Аристотель логиканы да дамытқан.

Болмыс мәселесін қарастыру  барысында философ Платонның идеялар туралы білімін сынға алды. Платонның кемшілігі - идеяларды шындықтан бөліп қарауға тырысуы. Аристотельдің пікірінше, қоршаған ортамен байланыссыз таза идеялар болуы мүмкін емес. Нақты жеке құбылыстар мен заттар бар. Мысалы, үйдің идеясы емес, белгілі сипаттары бар нақты үй бар.

Болмыс таза идея емес, сонда ол қайдан пайда болды. «Болмыс дегеніміз  не» - осы сұраққа жауап беру барысында  болмысты ұғымдар арқылы анықтауға  болады деген ұйғарым туындайды.

Аристотель он ұғымды бөліп қарастырады. Олар мән, сан, сапа, қатынас, уақыт, орын, жағдай, әрекет, қиналу. Яғни, болмыс дегеніміз - сандық, сапалық, уақыттық, орындық, қатынастық, жағдайлық, әрекеттік, қиналу сипаты бар мән.

Аристотель философиясынды материя ұғымы маңызды роль атқарады.

Оның пікірінше, материя  дегеніміз – формамен шектелген  потенция (мысалы, мыс шар – бұл  шардың формасымен шектелген мыс). Осы  мәселе төңірегінде Аристотель мынадай  ой қорытады:

    • әлемдегі барлық болмыс материя мен формадан тұрады;
    • материя мен форманың өзгерісі заттың мәнін өзгертеді;
    • шындық материядан формаға және формадан материяға өту болып табылады;
    • материя енжар, ал форма белсенді бастау.

Сананың негізі - рух немесе жан. Философ жанның үш деңгейін анықтайды.

    • өсімдік жаны
    • жануар жаны
    • ақылды жан

Сананың негізгі иесі ретінде жан ағзаның функцияларын да орындайды.

Өсімдік жан тамақтану, өсіп, жетілу функцияларына жауап  береді. Жануар жан да осыған қатысты, бірақ оған адамның түйсігі мен  тілектері де бағынышты. Ақылды жан  аталған функциялардан басқа  ой қорыту және ойлау әрекеттерін де атқарады. Осы соңғы қасиетті адамды ерекше бөлектейді.

Аристотельдің пікірінше, адам жоғары ұйымдастырылған жануардың  бірі болып табылады, бірақ басқалардың  оның айырмашылығы ақылы мен ойлауының  болуында.

Адамдар топтасын өмір сүруге бейім. Осы қасиеті қоғамның туындауына негіз болған. Қоғам дегеніміз белгілі территорияда өздеріне қажетті материалдық игілікті  өндіріп, оны өзара бөлісіп, бір – бірімен белгілі әлеуметтік қатынаста болатын адамдардың жиынтығы.

Қоғамдағы қатынастарды мемлекет реттеп отырады.

Аристотель философиясының тарихи маңызы мынада:

    • Платонның идеялар теориясын сынау барысында оның ілімінің осал жақтарын дәл тауып көрсетті;
    • Әлем мен адамның қалыптасуын материалистік тұрғыдан түсіндірді;
    • Он философиялық категорияларды анықтады;
    • Категориялар арқылы болмыстың анықтамасын берді;
    • Материяның мәнін түсіндірді;
    • Логиканың дамуына елеулі үлес қосты, дедуктивтік әдістің мәнін ашып, силлогизмдер жүйесін жасады.

 

6-лекция

Ортағасырлық  мәдениеттегі философия феномені

Батысеуропалық  ортағасырлық  философия   қалыптасуының  мәдени-әлеуметтік  контексті.  Негізгі  қайнар көздері. Ортағасырлық мәдениеттегі христиандық   дін    феномені.    Христиандық   дүниетанымның    көкжиегі. Христиандық діннің негізгі рухани құндылықтары. Христианшылық және антикалық философия. «Өмірлік философиядан» түңілу және антикалық рвдионалды  бағдарланған  философияның теоретикалық  мәселдемелеріне деген   құштарлығының   ғайып   болуы.   Жер   бетіндеп    өмір   тарихтың драмалылағы ретінде. Қайғы-қасірет және әділсіздік үшін әділ марапатталу туралы ілім.  Екі  мәдениет кездесуі: христианшылдық және гректік пен эллинистік философиялар.

Діни дүниетанымға деген философиялық рефлексия стратегиясының  қалыптасуы. Неоплатонизм дүниетанымдық  ізденістердің жапа сергіген діни  бағыттылығының көрінісі ретінде. Теоцентризм, провиденциализм, креационизм бүкіл ортағасырлық философияның негіздемелері ретінде. Философиялық ой кешудің жаңа теоцентристік тәсілінің ерекшелігі.

Философия мен  теология интеллектуалдық қызметтің негізгі түрлері ретінде. Дүниетанымдық ізденістердің орталық тақырыптары. Философия  мен ортағасырлық адамның мәдени өмірінің интеллектуалдық саласына  христианшылдық енгізген жаңа қағидалар. Ортағасырлық адамның мәдени  таңдауының басты стратегияларын қалыптастырудағы А.Августиннің ролі.  Адамның құндылығы және құтқарылу туралы ілім. Қоғамдағы адамның құқықтық жағдайының иерархиялық тәртіптіленген суретін сомдаудағы ортағасырлық философияның ролі.

Батысеуропалық  ортағасырлық философиялық ойға арабтық-мұсылмандық философияның әсері. Христианшылдық пен аристотелизмнің синтезі. Схоластика феномені. Схоластика кезеңіндегі философия. Схоластикалық ойлаудың өзіндік ерекшелігі. Томизм римдік католикалық шіркеудің философиясы хақында. Томизмнің іргелі идеялары. Философия және теология. Сенім мен білімнің арақатынасы мәселесі. Схоластика фнлософиясы.    Томизм    схоластикалық   даналықтың    жоғары    формасы хақында. Рухани құндылықтардың, батыс адамы санасындагы моральдылықтың басымдылығын қалыптастыруға ортағасырлық діни философияның әсері. Батыс адамының өмірлік таңдауы мен стратегиясына христиандық дін мен дүниенің христиандық моделінің әсері арқасында оның дүниетанымдық көкжиегінің өзгеруі.

Европада орта ғасырдағы  батыс философиясы үлкен тарихи дәуірді қамтиды. Оның ең басты сипаты – христиан дінімен тығыз байланыстығы. Философия негізгі діни қағидаларды есепке ала отырып дамыған Бұл кезде білім мен рухани мәдениеттің негізгі ошағы рөлін шіркеу атқарған. Ал философия діни догматтарды негіздейтін және түсіндіретін білім саласы болған.

Философияның негізгі  мәселелері де діни сипатқа ие болды. Мысалы, әлемді құдай жаратты ма, әлде ол өзімен өзі өмір сүре ме? Адамның  ерік  бостандығы мен құдайдың құдіреті өзара қалай байланысады?

Адамдар түсініп, ойланып  қана қоймай, сенуі де керек. Сенім барлық философиялық ізденістердің күре тамырына, өзегіне айналған. Қалай және не нәрсеге сүйене отырып, сену керек. Неге сену керек?

Осындай сұрақтар төңірегінде  іздене отырып, философтар негізгі  қағидаларды, тұжырымдарды анықтаған, оны шіркеулер жиналысында бекітіп, догмаға яғни бұлжымай орындауды талап ететін ережелер дәрежесіне көтерген. Бұл дәуірдің көрнекті өкілдері: Тертуллиан (160-220), мәртебелі Августин (354-430), Боэций (480-524), Ұлы Альберт (1193-1280), Фома Аквинский (1225-1274), Ансельм Кентерберийский (1033-1109), Пьер Абеляр (1079-1142), Уильям Оккам (1285-1349). Орта ғасырлардағы теологиялық философияның негізгі ерекшеліктері: космосқа, табиғатқа, қоршаған орта құбылыстарына онша мән бермейді, бәрі құдайдан жаралды деген догмат үстем болды;

    • материализм мен идеализм арасындағы қайшылықтар бәсеңдеді;
    • құдай алдын ала белгілеп қойғандықтан адам еркінің бостандығы жарияланды;
    • әлемді Құдай арқылы тануға болатындығы есепке алынды;

Орта ғасырлар философиясының негізгі принциптері жарату және ашылу догматтары.

Жарату догматы бойынша:

    • құдай әлемді ештеңеден жаратты;
    • әлемнің жаралуы құдай еркінің нәтижесі;
    • әлем құдайдың күшімен жаратылған;
    • әлемдегі жалғыз шығармашылық бастау – Құдай;
    • Құдай мәңгі, тұрақты;

Ашылу догматы бойынша:

    • әлемді тек Құдайды тану арқылы ғана тануға болады;
    • құдайды тануға болмайды, бірақ ол өзін Библия арқылы танылтады;

құдайды және әлемді танудың  жолы – Библияны оқу.

Орта ғасыр философиясының патристика және схоластика деп аталатын маңызды кезеңдері бар.

Патристика дәуірі I-VI ғасырларды қамтиды. Ұлы Василий, әулие  Августин, Григорий Нисский, Тертуллиан, Ориген және тағы басқалары христиан дінінің негізгі догматтарын  жасаған.

Информация о работе Лекции по "Философии"